Тұңғыш Президент күні

«Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсаукесері

Мен 1- желтоқсан күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында өткізілген  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген  «Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсаукесерінде болдым.  Осы киноны алғашқы көрермендер қатарында көргеніме өте қуаныштымын.

Кино «От – өзен» және «Теміртау»  деген екі бөлімнен тұрады.  Кинодан  Елбасының еңбек  жолын, адамгершілігін көрдім. Мен осыған дейін «Балалық шағымның аспаны» атты киноны да тамашалаған едім.  Сонда байқағаным бүгінгі біздің Елбасымыз да біз сияқты бала болған екен. Бір айырмашылығы ол жастайынан алдына үлкен мақсаттар қоя білген. Ол жас кезінде де үздік студент болып, достарына  жақсы істерімен  көмектесіп жүрген. Тағы  да есімде қалған ерекше сюжет: Елбасының  жұмыс орнында жарылыс болғанда, оттан қорықпай өз достарын құтқаруы.  Бұл оның батылдығын көрсетеді. Ол өте мейрімді адам екенін де осы істен көруге болады.

Киноның ерекше бір сәті: Елбасының ай сайын  өз айлығының жартысын  алыстағы ата–аналдарына жіберіп отыруы. Ол  алыста, ауыр жұмыс істеп жүрсе де ата-аналарын ұмытпай, оларға көмек беріп отырды.

Осылайша,  «Елбасы жолы»  киноэпопеясы маған ерекше әсер етті.

Екінші менің мақтанышпен айтқым келіп отырғаны, Елбасы рөлінде ойнаған актер, Нұрлан Әлімжанов менің ағам. Мен ағамның осындай үлкен рөлді ойнаған батылдығына, шеберлігіне  өте қуаныштымын.

4 «А» сынып оқушысы

Аленова Ботагоз

Менің  Отаным Қазақстан — бұл  тәуелсіз, егемен ел.

Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 22 жыл толады.Біздің  еліміздің   табиғаты өте көркем,шалқар көлдер мен өзендеге және асқар тауларға баймыз. Қазақстанның  жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Елімнің астанасы – Астана қаласы Астана — бұл әлем қаласы. Астана — Қазақстанның ең таңдаулы қаласы.  Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет,халқымыз бейбітшілік пен тату-тәтті,дос тұрады.Ал елімізді-қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отыр.Бұл адам өте тамаша адам.Өйткені оны барлық адамдар қатты сыйлайды, ал біз балалар  өте жақсы көреміз. Ол кісі бізге үлкен жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебін салып берді.Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме  өте мақтанамын. Біздің еліміз жылдан-жылға көркейіп,жаңарып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанды көптеген елдер біледі. Біздің президентіміз елімізді 50 елдер қатарына танымал етті.Бізді дүние  жүзі танитын болды. Мен әрине оның бәрі елбасымыздың еңбегі деп ойлаймын.Егер бізде осындай президент болмаса, біз мұндай жетістіктерге жетпес едік.Біз егеменді ел болғаннан бері өзіміздің рәміздеріміз,әнұранымыз бар.Әнұранның авторы да  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Әнұранды біз әр аптаның бірінші күнінде мектебіміздің сап түзеуінде орындаймыз.Қазақтың тұңғыш президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-өте қарапайым,ауылда өскен адам.Ол жастайынан оқуға ,білімге құштар болған. Оның есімін әжесі қойған екен.Оның әжесі былай депті: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты-Нұрсұлтан болсын деген екен. Бұл есімнен мен Нұр-күннің шуағындай әлемге жылы шапағатын берсе, ал сұлтан-елді басқаратын адам болсын дегенді білдіреді деп ойлаймын. Еліміздің тұңғыш президенті өз елін сүйеді және оны ел,халық сүйеді.Мен біздің елімізді  осындай президент басқарып отырғанына қуанамын.  Менің елім әрқашанда алда.Бұл елбасымыздың  үлкен жетістігі. Мен  Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жатқаныма қуанамын,алдағы уақытта  жаңа асуларға жету үшін де сабақты жақсы  оқуым  қажет. Менің арманым мектепті жақсы бітіріп, Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде оқуымды жалғастырып елімнің абзал азаматы болуымды мақсаттаймын.

4 «в» сынып оқушысы  

Жабалова Айана

Қазақтың тұңғыш президенті.

Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен  айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бұл адам өте керемет адам. Өйткені ол біздің елімізді жаңартып, көркейтіп келеді.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа  тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептер салды және әлі де салынып жатыр.Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді,оны халық,біз балалар да өте жақсы көреміз. Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың компьтерлік  сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді.Қазақстан  Халқына Жолдауы-бұл- нақты бағдар беріп, Қазақстандықтар үшін үлкен табыстарға жетуге итермелейді. Елбасымыздың  Жолдауы мен үшін – үлкен мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, мәдениет, білім, экономика, әлеуметтік сала жағынан кең шекараларды ашады деген сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, алдағы уақытта бізге баршамызға белгілі ,биыл екінші жыл 1 желтоқсан- Қазақтың Тұңғыш Президенті күні аталмақ. Осы күн қарсаңында барлық қазақстандықтарды қазақтың тұңғыш президенті күнімен шын жүректен  құттықтай отыра, Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат ,ал еліме тыныштық  тілеймін. Әлемдегі барлық жанұялар бақытқа бөленіп, балалары ешқашан ауырмасын дегім келеді.

4 «в» сынып оқушысы 

Абишева Аягүл

Біздің  елбасы.

Қазақстан деген елім бар,

Нұрсұлтан деген атам бар.

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Атамыз бізге тәуелсіздік әперді,

Тәуелсіздік-ұрпақ бақыты,

Біз -Қазақстанның болашағы

Атамыздың  үмітін  ақтаймыз!

4 «в» сынып оқушысы

Алкеева Айдана

Тұңғыш Президент

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан елінің  дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. Ол 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.

Мен халқымның, осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етемін!

Нуркешева Данагуль

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

8 Д сынып оқушысы

Ел тірегі – Елбасы

 

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,       

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым,айналайын,атқан таңым.

Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,

Жылатып мына әлемді гүлдендірдің,

Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,

Елімнің шығардыңыз биік үнін.

Елбасым ер жүректі ер мінезді,

Елімді айналдырған гүл күмбезге

Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,

Жарқыраған қазағымның күні емес пе?

Қазағымның жарқыратқан маңдайын,

Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым

Қақтырған талай дүниенің таңдайын,

Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым.-деп, мен өз өлеңімде айтқым келгені біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз.Тіпті Елбасымыздың жетістіктері де өте зор. Небәрі 21 жыл ішінде атқарылған істері де аз емес . Жеткен жетістіктеріміз,алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы.Алда көптеген мақсаттар,атқарылатын істер бар. Қазақстанның бағындырар белестері де алда.Осы белестерді,мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.

Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі! ”Төбесіз жер,төресіз ел болмайды”дегендей,бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол,тайғақ кезеңде,егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп,шекарамызды шегендеп,халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен,айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген,халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!

Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін.Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін,туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін,әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мыңда бір рахмет айтамын.

Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!

 

                                                 Назарбаев Зияткерлік мектебінің

Лиза КӘДІРБАЙ

7 «а» сынып оқушысы

 

 

Қазақтың Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев…Осы есімді еліміздің үлкен-кішісі де біледі.Қазақ халқы Н.Ә.Назарбаевқа үміт артып,сеніммен қарайды.Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті.Ол 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келді. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.Уақыт өте келе ол Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Ал 1990 жылдың сәуірінде Қазақстан  Республикасының   Президенті болып сайланды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің еліміздің дамуы , гүлденуі үшін көп күш жұмсады. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.Көптеген шетел елдермен қарым-қатынасты, дипломатиялық құқықтарды орнатты,еліміздегі көптеген мәселелерді шеше  білген кемеңгер.

Еліне қызмет етіп, көптеген заңдарды шығарып, байтақ жеріміздегі әділетсіздіктерге   тосқауыл қойды. Ол өзінің артынан елімізге тек жақсылықты әкелетін ұрпақтарын таратты. Ол «Қазақстан- 2030», «Қазақстан-2050» стратерияларын құрды. Менің ойымша, бұл стратегиялар еліміздің дамуына зор әсерін тигізеді, әсіресе жаңа оқу бағдарламаларының құрылуына жол ашады. Қазіргі таңда Республикамызда он беске жуық «Зияткерлік мектептер», «Назарбаев университеті» құрылған. Осының барлығы президент жұмысының нәтижесі.

Халық елбасымыздың істеген жұмыстарына, еңбегіне разы болып отыр. Осы адамның арқасында Қазақстан Республикасы өзінің атын жоғалтпады, біздің әнұранымыз, рәміздеріміз, валютамыз, және туымыз бар. Ол біздің еліміздің тәуелсіз, егеменді ел екендігін  білдіреді. Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тарихындағы үлкен орынды алатын, және маңызды рольді атқаратын тұлға. Елімізді осындай деңгейге көтергені үшін разымын, оған деген бар ризашылығымды білдіруге дайынмын.

Қорыта айтқанда, Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.Менің ойымша, әр қазақстандық Президентімізбен мақтана отырып, игі істерін жалғастыра біле алуы  керек.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі,мақтанышы мен абыройы.

 

Қапез Айбарыс

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

7 «а» сынып оқушысы

 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті

Қаншама жылдар бойы біз орыс халқының отарында, КСРО құрамында болып келдік. Ұзақ жылдар бойы ашаршылық көріп, ағайын-туғандарымызды жоғалтып келдік. Бостандық, азаттық, тәуелсіздік арман болып еді. Бірақ, сол арманымыз орындалды. Бізге ешқашан сол кедейшіліктен,сол жаман жағдайдан шыға алмайтындай болып көрінген еді.

Алайда, біздің елімізді жаңа әлеуметтік сатыға көтерген, саясатымызды жақсартқан, жаңа жоғарғы оқу орындарын ашқан, елімізді өркендетіп көркейткен адам, дара тұлға, халқымызды өз артынан жетелеген- көсбасшымыз, елбасымыз- Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев ағамыз болатын. Президент, біз үшін тек қана елбасы емес, ол бүкіл елдің ағасы,халқымыздың Нұрағасы. Еліміздегі әр адам оны құрмет тұтады. Нұр аға 1991 жылдың, желтоқсан айының, бірінші жұлдызында, еліміздің Тұңғыш  болып тағайындалған еді. Сол мезет -қазақ халқының адамдары үшін ең бақытты мезет болды.

Нұрсұлтан Назарбаев- Қазақ елі үшін өте көп жақсылық  жасап,сан алуан үлестерін қосты және қазіргі кезде дейін қосып келеді. Қазақ халқының, яғни біздің оның алдында қарызымыз көп. Менің оған айтар алғысым зор. Себебі ,ол  мен үшін,күллі қазақ халқы үшін- Көсбасшы, өміріміздегі ең маңызды адамдардың бірі. Қорыта айтқанда, біздің елбасымыз өмірінде көптеген қиындықтарды жеңіп, олардан сүрінбей өтті деп санаймын. Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін, еліміздің халқы үшін көптеген жағдай жасады. Әртүрлі мемлекеттермен одақ кұрды және еліміз тәуелсіздікті алуы үшін барын салды. Президентіміз қойган мақсатына жететін, білімді, қазақ елінің мақтанышы, біртуар перзенті.

Мерген Гүлзи

Назарбаев Зияткерлік мектебі

8 «с» сынып оқушысы

Қазақтың Тұңғыш Президенті

 

Талай жыл азаттықты аңсаған , егемендікке жол бастап, ізеттілікке иілген халқымның  керемет  көсбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.Елімнің, мемлекеттің басқа елдермен терезесі тең болуына ықпал етіп, көмегін тигізер жаңа жобаларға жол ашқан еді.Солардың бірі ғана емес, бірегейі болып саналатын «Қазақстан- 2030» бағдарламасын мерзімінен ерте орныдауға өз үлесін қосқан кемеңгер тұлғамыз.Қазақстанның жастарының  келешегі кемел болсын деп білім беру саласын дамытып, жағдайлар жасауда.Еліміздегі дарынды оқушыларға арнап Назарбаев Зияткерлік мектептерін ашты.Өркендеген өлкенің өміріне әр берген, нәр берген Нұр аға көркем Қазақстанды әлемнің ең мықты ,ықпалды елу елінің қатарына қоса білді.Өндірісін дамытып,мемлекеттің  бюджетінде миллиардтаған қаржыға толтыруға елімізге мүмкіндік берген көшбасшымыздың кемел саясаты қазақ еліне, игілігін тигізіп, Гүлстандай керемет өлкеге айналуына ықпал етуде.Елімнің еңсесі биік , тұғырлы, айбынды болуына Елбасының көрші елдердегі түрлі бағдарламаларды қазақ жерінде жүзеге асырылуына үлесін қосуда. Біртуар  басшы  қазақтың бағына туған ба дерсің?

 Нұрсұлтан атты көсеміміз берген , жасаған мүмкіндіктерді барынша Отанымыздың игілігіне қолдануымыз керек,- деп ойлаймын.Көйлегіміз көк,тамағымыз тоқ, шекарада мыңдаған әскер біздің тыныш ұйқымызды күзетуде, халықтың қауіпсіздігін  бірінші орынға қоятын Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бізге салып кетер жолын жалғауға тиістіміз,еліміздің жан-жақты  патриоты болуға тырысуымыз керек.Осындай халқына адал ,көрегенді, жасампаз  Президенті бар елім қандай бақытты!Ұлылықтың үлгісі бола білген Елбасыма мың алғыс!

Жүрегің соғар елім деп,

Қазаққа бақыт берген Сіз.

Аман болыңыз  әркез Сіз,

Мақтанар сізбен ұл мен қыз!

Кемеңгер  тұлға, біртуар,

Халықта мәңгі сақталар.

Жолыңды ұрпағың жалғастырар.

Өркендеп өскен еліңе

Бақ беріп,Нұрлы із тұрар!

 

                                                                   Ілиясов  Олжас

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

7 «а» сынып оқушысы

Тұңғыш Президент

Қазақстан – әлемнің діңгегі; алтын шөлдер, асқар таулар, тарихы мол жер. Солтүстігінде әлі қар жатса, оңтүстігінде ағаш бүр атып, жер гүлді кілемге оранады.

Қазақ халқының тарихы қуанышты да қайғылы, мұңды оқиғаларға толы. Мыңдаған жылдар бойы, қазақ халқының ата -бабалары тәуелсіздікті армандап, қазақтың байтақ жерін ғасырлар бойы жоңғар менен батыс әскерлерінен қорғай отырып, адам айтқысыз азап  көріп, қаншама қиындықтардан өтті.

Қазақ жері әсем де бай! Жерімізде пайдалы қазбалардың түр – түрі бар. Тек қана, менің отанымда қызыл қоқиқаздар баянды өмірін кешуде. Тек қана, менің отанымда, Каспий теңізінде итбалықтар көбеюде…

Қазақстан Республикасының  нық сеніммен ілгері басқанын мақтан тұтамын. Әрбір тәуелсіз елдегідей туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Әнұранымызды  айта тұра, елімізге өз адалдығымызды көрсетіп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қоямыз.

Тәуелсіздікті  алғанымызға, дамушы елдердің қатарына кіргелі бір қадам қалуына, тек қана Нұр аға, көшбасшымыздың арқасы.

Абылайдай намысшыл, дана көшбасшымыз жиырма екі жыл бойы, қазақ халқын қолдап,еліміздің дамуына өз үлесін қосуда…

Мен өз жерімді, өз елімнің көшбасшысын мақтан тұтамын!

Жунусова Мадина

Назарбаев Зияткерлік мектебі

8 Д сынып оқушысы

«Еліме соғар жүрегім»

Қазақ елі шексіз үлкен, кең- байтақ,

Тең келмес еш мәртебе, еш атақ.

Ғасырлар бойы дамып жатыр тоқтамай,

Мықты елге иемденген- біз, Қазақ!

Ата- бабам қиыншылық, азап көрген,

Талай- талай көздерінің жасын төккен,

«Қазағым»- деп ұрандатқан халқым менің,

Ел үшін әрқашан да түрген жеңін!

Еліме тағзым етем әрқашан,

Ұмытпаймын елімді мен ешқашан.

Кіндік қаным тамған жерім көркейе бер,

Қазақстаным, елім менің жасай бер.

«Еліме соғар жүрегім» деп мақтанам,

Мұның себебі бәріне анық болар.

«Мен- Қазақпын»-осыны жария етем,

Қазақстан болса- елім менің, кең далам!

Шаткенова Зариат

7-сынып оқушысы

Елбасы

Елбасымыз – еліміздің тірегі,

Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.

…Бар қазақтың мақтанышы  Астана,

Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі.

Бар өмірін өз еліне арнады,

Мәңгілік елге айналдыру арманы.

Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,

Азаттығы қыран болып самғады.

Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған,

Татулықты зор жеңіс деп санаған.

Достық пенен сыйластықты ту етіп,

Халқың үшін қашандағы бол аман!

                                                                       Манап Исламбек,

6 “А” сынып оқушысы

Елбасына хат

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізді келе жатқан мерекеміз – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл үлкен той Сізге арналады. Сіздің елімізге деген сүйіспеншілігіңіз бен тынымсыз еңбегіңіз орасан зор. Аяғына тәй-тәй тұрған Қазақстан бүгінде мықты, болашаққа сеніммен қарайтын еңселі елге айналды. Бұл – үлкен жетістік Сіздің болашаққа деген сеніміңіз бен көрегендігіңізден туындаған жоспарларыңыздың айқын да нақты көрінісі. Тәуелсіздік алғалы бері еліміз талай биік шыңдарды бағындырды. Әлем мойындаған мемлекетке айналып, қарыштап алға басуда. Сіз әрбір қазақстандықтың қамын ойлай отырып, қиын да маңызды шешімдер қабылдайсыз, еліңіздің көркеюі үшін күні-түні тынбай еңбек етесіз. Сізді еліңізге қалқан болған қайраткер, батыр деп мақтанышпен айта аламын!

 Қазақ тілі сабағында біз “Балалық шағымның аспаны” атты фильм көргенбіз. Сіздің балалық қиял-арманыңыз туралы ой бөлістік. Салт-дәстүрден озбай, ата-анаңызды қадірлеуіңіз жайлы көптеген мағлұмат алдық. Сіздің өміріңізге кішкене де болсын жақындай түскендей едік. Мен өзіме үлгі болатын тағы да бір адамды таптым. Ол – Тұңғыш Президентіміз. Мен де ер жеткенде елімнің елеулі азаматы болып, сіз секілді адамгершілігі мол жан болғым келеді. Барлық қазақстандықтардың атынан ерен еңбегіңіз үшін Сізге басымды иіп, шәкірттік алғысымды білдіремін.

                                                           Аманкелді Құдіретұлла,

6 “А” сынып оқушысы

Қазақтың тұңғыш Президенті

Түнгі, қайталанбас, ғажайып көріністері, әсем қалаларының жарқырауы осының бәрі Қазақстан мемлекетіне тән қасиеттер. Осы жерде еліміздің басты тұлғасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты айтып кету өте маңызды. Өйткені, осындай көптеген жетістіктер Елбасымыздың төккен терінің арқасы. Алайда, олардың жүзеге асуы оңай болған жоқ.

Қазақстан мемлекетінің керемет, ашық аспан астындағы өмірі 1991 жылы біздің еліміздің лидері – Н.Ә.Назарбаевтың басшы болуынан басталды. Елбасымыз маңызды қадам жасап, өзіне орасан міндет қойды. Өз мақсатына жету жолында әр түрлі, елімізді алға қарай итермелейтін бағдарламалар жасай отыра, жас ұрпаққа бақыт сыйлады. Онымен ғана шектелмей, Қазақстанның болашағын ойлап балаларға арнап, зияткерлік мектептер ашты. Ол әр адамның жағдайын ескере отырып, оларға барлығы жеткілікті болу үшін қолынан келгенін жасады. Ең бастысы бірлік сақтай отыра, бір шаңырақ астына 130-дан астам ұлт өкілдерін кіргізе алды. Осыған байланысты отанымыз қой үстіне торғай жұмыртқалаған мекенге айналды. Бұл ешбір мемлекетте жоқ дүние екені мәлім. Бүлдіршіндердің армандарына қызыға қарап, олардың орындалуына мүмкіндіктер жасады. Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекеттерінің ішіне енуі де Президентіміздің еңбегі болып саналады. Ал келешегіміз осындай қуаныштарға толы болу үшін ол 2030 стратегиясын ойлап тапқан. Онда әр мақсаттың өз мәресіне жетудің жолдары қарастырылған. Яғни, қазақ халқының қамын ойлаған ел тірегі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады.

Қорытындылай келсем, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

                                                  9 «А» сыныбының оқушысы:

Аубәкір Жанель

Елім деп соғар жүрегім!

Бейбітшілік, айдың күні аманда,
Бабаларға алғыс айтпай қалам ба?
Құрметтейік тағзым етіп тұрайық
Елім үшін күресіп өткен заманға.

Алғыс шексіз Абылайдай еріме,
Бірлік туын желбіреткен еліме.
Үш жүздің басын қосып Абылай,
Бейбітшілік әкелді ғой жеріме.

Қазағыммен, Алашыммен мақтанам,
Туған ел деп, туған жер деп аңсаған.
Бабалардың еңбегінің алдында
Қызмет қылып, мандай термен ақталам.

Ахмет, Дулат, Мағжандардай аталар,
Елім деп еңіреп жүріп қалғандар.
Жарқыраған тәуелсіздік таныңда
Қырандарым батырлар деп мақталар.

Бауыржандар ел қорғады соғыста,
Әлия, Мәншүк қару алып сол тұста.
Азаматқа отан үшін жан пида
Мейлі тіпті кеудеңменен оқ ұста.

Әр жастың еркіндік болды арманы,
Бүгінгі күн, жарқын күннің жастары.
Тәуелсіздік алып берген кім десең?
Жан қиған желтоқсан қаһармандары!

Міне бүгін жайнап тұр ғой бас қала,
Жайнай берсін мақтанышым – Астана.
Есте болсын! Барлығы да бабалар
Қорғап өтті көздеріне жас ала.

Қазақпын деп, азатпын деп мақтанам,
Тату-тәтті өмір сүріп шаттанам.
Жауларымда елге қарсы ой болса
Елім үшін ойланбай-ақ аттанам.

Казақстан – туған елім, отаным,
Не болса да мен болайын корғанын.
Жау алдында тұрамын мен батыр боп
Үрей болса сен үшін тек қорқамын.

Көк байрағым желбіресін көгімде,
Міне менін арманым да жөнім де.
Қашан болсын елім деп соққан жүрегім
Туған елім бақыттымын  өзім де.

Тулеубаева Камила

9  «С» сыныбы

Оқушы шығармашалығынан

Әдебиет адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер ететіні белгілі.  Адам баласына қуаныш сыйлайтын, сезімін тәрбиелеп, байытып, азаматтық тұлға қалыптастыратын әдебиеттің  адам өмірінде алатын орны ерекше. Осы орайда, шәкірттерімнің тәуелсіз ойлап, дербес пікір білдіре білуі мен үшін өте маңызды екенін айта кеткім келеді.  11-сыныпта өткен әдебиет сабағында Жұбан Молдағалиевтің кешегі, бүгінгі, келешектегі ұрпақ үшін мәні аса зор «Мен-қазақпын» поэмасының  желісі бойынша, өлең жолымен берілген поэманы қара сөзбен жазу тапсырылған болатын. Ақын поэмасындағы сөз қуатынан жақсы  әсер алған оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін,  ұлттың рухын көтере білген Жұбан ағамыздай ақындардың болғандығын және өздерінің қазақ боп туғандарын мақтан ететіндіктерін айтты.

Ел Тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында поэманың мазмұнын терең түсініп, дұрыс қабылдап, автордың ойы мен көзқарасын айтпай танып, өзіндік ой түйе  білген шәкірттерімнің бірі Алмастың шығармасын ұсына отырып, егемен еліміздің еңселі ұл-қыздары көбейе берсін дегім келеді!

…Мен сонау Алтайдан Қара теңізге дейінгі ұлан-байтақ жерге иелік еткен қыпшақтардың, Ескендірге тойтарыс берген сақтардың, Рим империясы мен Қытай халқының жүрегіне қорқыныш ұялатқан ғұндардың, жарты әлемді жаулап алған Абылайханның ұрпағы – қазақпын.

     «Қазақ» деген сөзді естігенде, менің жүрегіме әлдебір ыстық сезім ұялап, күш-қайратым, ұлттық рухым көтерілгендей болады. Өткен ғасырлар мен тарих кезеңінде небір қиын да ауыр жағдайларды басымнан өткердім. Сондай сәттерге талай рет кезіксем-дағы, мойымадым, берілмедім, қиыншылықтарға төзе білдім. Өзіне бағындырам деген өзге халықтарға тойтарыс бере білдім. Менің басымнан небір ауыр шайқастар мен қантөгістер өтті. Мен аштықты да, әділетсіздікті де, сатқындықты да, өзгелердің қысымын да, талай шайқастар мен қантөгісті де көрдім. Сол қиыншылықтардың арқасында мен төзімді де дана халыққа айналдым. Міне, осы себепті мен қазақ болып туғаныма қатты қуанамын!

11 «А» сынып оқушысы: Нұрғазы Алмас

Мұғалімі: Онбасиева Шұғыла Асқарқызы

Менің Тұңғыш Президентім

     Қазір бой жарыстыратын заман емес,

                                         ой жарыстыратын заман.

                                                                                                 Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан жиырма жыл ішінде талай жетістіктерге жетіп қана қоймай, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді де жоспарлап отыр. Бұл әрине, Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі. 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне үлкен жүк артып, ел тізгінін қолға алып, ел басқарды, бүгінгі күнде де халық сенімін абыроймен атқарып келеді.

Дәл қазақ халқының тағдыры шешілер алдында елдің басын біріктіріп, ерлік танытқан Н.Ә.Назарбаевтың табысына алғашында халықтың көп бөлігі сенімсіздікпен қараған еді. Алайда, Нұрсұлтан Әбішұлы ел кірпішін қалауға атсалысатынын айтып, айтылған сөзді іспен дәлелдеп, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін,  халықтың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасады.

Осы жылдар арасында көп жұмыс атқарылды. Ең басты жетістіктеріміздің бірі – Елбасымыздың Саммитке төрағалық етуі және біздің елімізде алғаш рет қысқы олимпиадалық ойындардың өткізілуі болды.

Елбасымыз ұрпақтың саналы, білімді болып, болашақта өз еліне пайдасын тигізуі үшін  «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» ашты. «EXPO-2017» көрмесі де жастарды зерттеу жұмыстарына жұмылдырып, ғылым саласында еліміздің кеңінен қанат жаюына  жақсы мүмкіндіктер ашады.

Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да,  біз сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін  белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.

                                                           Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

                                                         9 «А» сынып оқушысы

                                             Арсақаева Адия

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

Президент сайлауында халқымыздың таңдауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түскенінің өзі, ол кісінің өте еңбекқор болғандығында. Қиын сәтте Президент болып сайланған Елбасымыз еліміздің көркеюі үшін, экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жан аямай еңбек етті. Еліміз тәуелсіздігін алғанда жаңа туған сәби сияқты аяғына нық тұра қоймаған еді…

Міне, биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 22 жыл болды.  Осы жылдар ішінде Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында біз үлкен белестерге, жетістіктерге қол жеткіздік.Бұл жеке адам үшін өте көп уақыт болса да, мемлекеттің аяғына тұруы үшін өте аз уақыт деп есептеймін. Қазақстан  тәуелсіздігін  алғаннан  бері, оны баянды етіп, осы күнге дамыған, өркениетті ел ретінде жеткізген Елбасымыз халықтың қалауын тыңдап, барлығын халық игілігі  үшін жасаған. Кейбір кездері мен Қазақстанды үлкен кеме ретінде елестетемін. Ал біздің Президентіміз оған дұрыс бағдар беріп, өз халқын тура бағытпен апара жатқан кеме капитаны іспетті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіңдегі жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда,  сапалы және тиімді.

«Мен Елбасы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған бір перзентімін» деген Елбасымыз өте еңбекқор,  бала кезінен қара жұмыс істеп, оқуға зерек болған. Ата-анасының қадірін біліп, оларды қатты құрметтеген.

Біз  Елбасының ерен еңбегінің арқасында  ең бай мемлекетке айналдық, халқымыз да бақытты ғұмыр кешуде.  Кең байтақ даламыз егіске толып, өрісімізден мал кетпейтін, бейбіт те зайырлы мемлекеттің ұрпағы болып отырмыз!

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Елордамыз 

Алматыдан Астанаға көшірілді,  заманауи талаптарға сай физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептер, соңғы құралдармен жабдықталған  ауруханалар, жаңа тұрғын үйлер тұрғызылып,  жастарға арнап әлемдік үрдістегі жаңа оқу орындары салынды. Мен Елбасымыз арнайы салғызған Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын.  Президенттің есімімен аталған бұл мектепте тек дарынды балалар оқиды. Сондықтан да, осы оқушыларға еліміз үлкен үміт артады.

Біз өз болашағымызға  кәміл сенеміз, өзіміздің Елбасыға сенім артамыз! Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев – менің Президентім  деп үлкен мақтанышпен айтамын!

Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

                                                         9 «С» сынып оқушысы

                                                    Махметова Толқын

Сәлеметсіз бе, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

    Менің атым Абишева Аягүл. Мен Көкшетаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 «В» сыныбында оқимын.
Сізді келе жатқан «1-желтоқсан-Тұңғыш президент» күнімен құттықтаймын! Мен Cізді өте сыйлаймын. Менің арманым Cізді өз көзіммен көру! Сіздің жаныңызда тұрып ақылды сөзіңізді тыңдасам ғой…
Мен Cіз туралы алғашқы рет анам мен әкемнен естідім. Олар Cізді ерекше адам деп айтады: мейірімді, ақылды, жомарт, әр кісіге Cіз көңіліңізді бөліп тұрасыз дейді. Мен де солай ойлаймын. Қыз бала болсам да кейде менің де президент болғым келеді. Еліме Cіздей көп жақсылық пен қамқор жасағым келеді. Бірақ мен әлі кішкентаймын, ол мақсатқа қалай жетуге болатынын білмеймін және Cіз сияқты әрине бола алмаймын. Қолымнан келетіні жақсы оқып, көп білім алу. Жақсы оқуға мен талпынып жүрмін.
Біздің мектепте оқу маған өте ұнайды. Мен ән айта аламын, сурет саламын, биді жақсы көремін, театр үйірмесіне де барып жүрмін. Біздің сыныптың балалары тату және көңілді, бәрі де жақсы оқиды. Мұғалімдеріміз бізге көп білім беріп жатыр. Ең сүйікті сабақтарым – математика мен ағылшын тілі. Менің тағы бір арманым мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, Назарбаев Университетінде оқу. Сізге осындай зияткерлік мектептер үшін көптен-көп рақмет дейміз!
Мен әлі білмеймін өскенде кім болатынымды, бірақ бәрінен де әке-шешемнің – мақтанышы, білімді және еліме пайдалы болғым келеді.
Сізді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймын! Сізге Жылан жылы тек жақсылық әкелсін, денсаулығыңыз мықты болсын, ашық аспан мен бақыт тілеймін! Сіздің бар арманыңыз орындалсын!

Сау болыңыз!

Хатты жазған: Аягүл Абишева.

Құрметті Нұрсұлтан ата!

    Биыл біз 1-ші желтоқсан күні алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелейтін боламыз. Сіз біздің Тұңғыш Президентіміз екеніңізді жақсы білеміз.
-Неге 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні болады?,-деп атамнан сұрап едім,ол айтты:-1991 жылдың 1-ші желтоқсан күні біздің елімізде алғаш рет президент сайлауы өтті.Осы сайлауда Нұрсұлтан атаңды барлық қазақстандықтар өз Президенті етіп сайлап алды. Сондықтан да бұл күн Тұңғыш Президенттің күні болып белгіленді.
Cіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде Қазақстанды әлемге таныттыңыз. Қазір біздің мектеп қабырғасынан бастап жақсы білім алуымызға бар жағдайды жасап бердіңіз.Мен тұратын Көкшетау қаласында Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Биылғы жазда Көкшетауға келгеніңізде, біздің мектебімізге келіп,көргеніңізді біз әрдайым мақтаныш етеміз. Мен сол мектептің үшінші сынып оқушысымын.Үздік оқып келе жатырмын. Түрлі үйірме жұмыстарына да қатысамын. Сыныптастарым мені өз президенттері етіп сайлап алды. Сыныбымыздың оқу үлгерімдері де, тәртіптері де жақсы. Мектебімізде жақсы білім алып шығуға барлық жағдай бар.Бәріміз де ағылшын тілін үйреніп жатырмыз.
Құрметті Нұрсұлтан ата! Мен Сізге барлық көкшетаулық балалардың атынан зор денсаулық, бақыт тілеймін.Біздің елімізді мықты ел қыла беріңіз!

Айана Жабалова,
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік
мектебінің 3 «в»сынып оқушысы, оқу үздігі.

Аса құрметті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы!

     Мен, Омар Айгерім, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысымын. Осы мектепте алғаш ашылғаннан бері оқып келе жатырмын. Бұл мектеп маған көп мүмкіндік, болашаққа деген нық сенім бере алды. Мен тек қана білім ғана алып қоймай, өзімді-өзім басқа қырымнан тани білдім, яғни бұл мектеп менің тұлға ретінде қалыптасуыма зор үлес қосты!
Ең алдымен, біздің, болашақ ұрпақтың, сапалы білім алуына көп назар аударып жатқаныңызға ризашылығымды білдіргім келеді! Назарбаев Университеті – қазірде әр студенттің арманына айналды, себебі бұл университет жоғары білікті, зиялы және әлемдік аренада бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде. Университетке ұлттық білім беру жүйесінің артықшылықтарын әлемдік ең үздік ғылыми-білім беру тәжірибесімен үйлесімді ұштастыратын Қазақстанның ұлттық брендіне айналу жүктеліп отыр. Сондай-ақ, бұл университет өз еліне адал, нағыз патриот жастарды тәрбиелейді деген сенімдемін!
Мен де, өз елімнің жанашыры бола тұра, Қазақстанда орын алып жатқан көптеген, шешімін таппай жатқан мәселелерге немқұрайлы қарай алмаймын. Сол себепті де, сізге осы хатты жолдап отырмын!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мені, менің жас жүрегімді толғандырып жүрген мәселені сізге жеткізгім келеді. Сізге артылған жүк, ел үміті бұл мәселеден де ауыр екенін жақсы түсінемін, десе де осы хатым сізге жетіп жатса, толғағы ауыр мәселем де оң шешім тауып қалатынына кәміл сенімдемін. Ол қазақ тілінің, ана тіліміздің қазіргі хәлінің мүшкүлдігі. Шындығына келсек, қазақ тілінің, мемлекеттік тіл ретінде қолданысы көңіл көншітпей тұр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебе алғанына 23 жыл болды. Осы 23 жыл бойы қазақ тілін үйрене алмағанымыз өкінішті. Әсіресе, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тек орыс тілінің үстемдік құрып тұрғаны қынжылтады. Қызмет те орыс тілінде көрсетіледі, барлық жарнама да, ақпарат та орыс тілінде, дәрі-дәрмектердегі нұсқаулық қазақ тілінде болса да, орыс тіліндегісін оқуға мәжбүрміз, себебі қазақ тілін аударма тіл ретінде пайдаланады да түсініксіз, сауатсыз берілген.
Қазірде барлығы ағылшын тілін жанталасып үйреніп жатыр. Өйткені ағылшын тілі – Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын тіл. Оның маңызы зор екенін, болашақта керек болатынын барлығы түсінгеннен оқиды! Әрине, мен ағылшын тілінің мәртебесін мойындаймын, бірақ неге қазақ тіліне сондай мәртебе бермеске?! Орыс тілімен күрес жүргізіп жатқанда, ағылшын тілінің қабаттасуы тағы қынжылтады. Сөз жоқ, көп тілді білген дұрыс, бірақ өз тілің, мемлекеттік тіл бірінші орында тұру керек деп ойлаймын. Менің ойымша, бұның себебі қазақ тіліне деген сұраныстың жоқтығынан.
Құрметті Елбасы, осы мәселені назарыңызға алуыңызды сұраймын! Бұл мәселе – көптеген жылдар бойы шешімін таппай жүрген мәселе. Егер де осылай жалғаса берсе, қазақ тілінің болашағы не болмақ? «Тілі жоғалған елдің – өзі де жоғалады,»-дегендей осыны біржақты шешіп берсеңіз екен.

Сәлемнен, Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
12-сынып оқушысы Омар Әйгерім.

 

Елбасы – тәуелсіздік тірегі.

Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж.Аймауытұлы

   Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы ретінде Нұр аға, Нұрсұлтан аға Сізді айтар едім.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ халқының тұңғыш Елбасысы болдыңыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Сөйтіп, Сізге үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Сіз – елге, барша әлемге танылған, өмір мен еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азаматсыз. Сіздің бастауыңызбен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
«Тәуелсіздік – ғажайып ұғым, мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз», – деген едіңіз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзіңізде. Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.
Мен – өркениет өріне қадам басқан еркін елдің өренімін. Өткенге бойлап, бүгінді ақыл-таразысына салып, баға беру, ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатқан қазақ мемлекеті туралы өз пікірін айту – менің өз парызым сияқты.
Сіздің ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көрегендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып барады. Күні кеше елімізге қонақ болып келген Рим Папасының өзі таңдай қағып, риза болып кетті. Ол кісіге көрсеткен сіздің кісілігіңіз, азаматтылығыңыз жас ұрпаққа, яғни бізге, үлгі өнеге.
Жаңа астанамыз бүгінгі күні өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Мұның бәрі – сіздің елеулі еңбегіңіз. Сіздің көрегендігіңіздің арқасында бүгінгі Қазақстан — әлемдік аренадан өз орнын ойып алған Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Ел сенімі ақталды деген – осы.
Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық қатар жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атамызға, яғни сізге балалық жүрегіммен рақмет айтамын! Тек мен ғана емес, ол талай баланың, жалпы Қазақстан халқының тілегі екеніне де күмәнім жоқ. Қуаныш пен жақсылыққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа толы 20 жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»,- деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында сіз жүрдіңіз.
Біз сияқты жастарға да сіз аса ерекше көңіл бөліп жүрсіз. Нақтырақ айтқанда, Көкшетауымның ең әдемі, еліміздегі таңдаулы мектептерінің бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебі болып табылады. Отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламасына сай бірегей құрылымды оқу орны болып табылатын – Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа заманғы құрылыс бойынша салынған, жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі оқытушылар білім береді. Мектеп физика-математика бағытымен ашылған. Физика мен математика барлық салалардың негізі болып табылады. Бұл ғылымдарды оқу, оларды зерттеу, олармен айналысу еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, дамушы елден дамыған елге айналуға, халықтың әл-ауқатын арттырып жақсартуға, жаһандық аренада ойып орын алуға мүмкіндік береді.
Болашақта мен өз мамандығымды физикамен байланыстырғым келеді. Еліміздің шикізатты өндірудің арқасында дамып келеді. Мұнай өнімі шет елдерге арзан бағамен тасымалдануда. Келешекте елімнің дамуы шикізаттың арқасында ғана емес, жаңа ашылған жобалар, патенттер дайын технологиялар енгізілген талдаулар ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, солардың дамуына қол жеткізу үшін еңбектенгім келеді. Қазіргі кезең – нарықтық экономика кезеңі. Экономиканы әр тараптандыру – табыс кілті. Осы мектепті тәмәмдаған соң энергетикалық зона орталығы, қайталанба энергетика, жоғары энергиялы физикамен, техника мәселелерімен айналысатын бағыты бойынша жаңа халықаралық университетте, бірегей оқу орнында, физика саласында алған білімімді одан әрі толықтырып, жетілдіріп, елімнің дамуына орасан зор үлес қосқым келеді!
Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз «Тарих тоғысында» еңбегіңіздегі 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхаммедке берген сұхбатыңызда: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін»,- деуіңізде де сіздің ұлылығыңыз мен көрегендігіңізді, кішіпейілділігіңізді айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің әліпбиі болып қалмақ. Мен де осы ізгілікті үйрене отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын ұғым екенін түсіндім. Жаңа ғасырда тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, дәуірлей берсін деген ақ тілегімді білдіремін. Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса, менің Елбасым!!!
Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше ілтипатпен қараймын. Сіз туралы айта бергім келеді, толғай бергім келеді. Менің өмірімде сіздің орныңыз ерекше әрі бөлек. Сіз менің пір тұтатын адамдардың бірісіз. Біздің елді басқарып тұрған сіз сияқты Елбасының бар екеніне мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт. Сізге деген ыстық ықыласымды енді өзім шығарған өлең жолдарымен өргім келеді:

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

 

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Аман болсын Нұрсұлтандай ер бабам.

 

Әлдилеп дала сырын, сан ғасырын,

Толқыған ұлы өзендер арнасымын.

Осынау қалың елім, жұртым деген,

Тілегі қабыл болсын Елбасының.

 

Бірлігін, қаншама ұлттың татулығын,

Айшықтап,

Ай-жылдарым жатыр бүгін.

Жебей гөр,

Көкте Тәңір,

Жерде халқы,

Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлын!

 

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құтты болсын «нұрлы жолы» Нұр атаның.

 

Көпшілігім кемімей толсын деймін,

Барлық елдің басына бақ қонсын деймін.

Келешекте Қазақстан Республикасы-

Орта Азияның «барысы» болсын деймін!!!

 

Елбасы байтақ елдің арысысың,

Елорда – Қазақстан намысысың.

Астанакүннен-күнге құлпыра бер,

Азияның теңдесі жоқ барысысың!

 

Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

 

 

Өткен ғасыр зардабымен қоштасып,

Келешекке шаттықпенен жол ашып,

Болашақтың асуына Нұрағаңмен

Жастар бірге барса екен қол ұстасып.

 

Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны,

Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы.

Дамыған елу елге қосылам деп,

Ерен ер алға қарай бір шырқады.

 

Қазаққа Тәңір берген барлығын да,

Кең байтақ даланы да, таң нұрын да,

Ақылман Нұрсұлтандай нар ұлын да!..

 

Қазақпенен әрқашан мақтанамын,

Қазағым: «Аттан!» десе аттанамын.

Нұрсұлтаны бар елдің арманы жоқ,

Ойыма алған сайын шаттанамын.

 

 

 

Ізгі ниетпен, Әйгерім ӘЙТІМ,

Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

12 «В» сынып оқушысы