Президент Жолдауының аясында

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы туралы

 

Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. 

Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық – инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Мәселен, жолдауда білім саласына айырықша көңіл бөлінген.

Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз былай дейді: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет»,- дейді. Осыған қарай отырып, Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстандық білім көшін бастап келе жатқанын және өзгеге үлгі екендігін айтып отыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Бірақ біз осы межені місе тұтып тұрып қалмай, ел страгегиясын қолдап, оның одан әрі дамуына үлес қосуымыз қажет. Біздің мектебіміз де осы мақсатты дұрыс түсініп, «Үш тұғырлы тіл саясатын» қолдап, оқушыларымыз үш тілде еркін қарым-қатынасқа түсіп, техникалық білімдерін тереңдетуде. Биылғы мектеп бітірген түлектеріміздің 90 пайызы техникалық мамандықтың білім-гранттарын жеңіп алған. Бұл да елімізде жетіспей жатқан техникалық мамандықтардың орнын толтырады деген сөз.

Мемлекеттік тілге оралатын болсақ, осы тілді білуге деген құштарлық биылғы жылы 10 пайызға артты деп Президентіміз атап өтті. Мұндай өдеріс біздің мектептен де байқауға болады. Мектеп ұжымы жыл сайын аптасына 2 рет қазақ тілінен оқу-курстарына қатысып, «Қазтест» орталығы арқылы тест тапсырып, мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген қызығушылықтары артып келеді.

Ендеше, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруда әрбір қазақстандық болып ат салысуымыз қажет. Ол әрбір ата-ана, оқушы, ұстаз болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етуіміз керек. Сонда ғана ісімзі берекелі де мерекелі болмақ.

Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары. Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі

 


 

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ!

 

Елбасының бұл жол­­ғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» Жолдауында ма­ңызды мәселелер көп­теп кө­терілді. Жол­дау­­­дың әр бөлімінде нақ­ты бағыттар мен ай­қын мақсаттар көрі­ніп тұр. Бұған дейін «Қазақ­­стан-2050» Стра­тегия­сы қабылданғаны мә­лім. Онда әлемдегі ең дамыған 30 елдің қата­рына қосылу басты мақсат етіп қойылған. Ал осы Жолдауда сол мақсатқа жетудің жолдары мен механизмдері, түрлі иірімдері мен тетіктері көрсетілген. Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет.

Жолдауда Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мәңгілік Ел идеясына жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі бас­ты мақсатымыз – Мәңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді. Енді Үкімет пен Парламент палаталары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық ұйымдардың бәрі осы Мәңгілік Ел идеясының қасынан табылып, кемел келешек жолына жұмылуы керек. Осы орайда бұл идеяны іске асыруда, оқушылар жүрегіне жарқын болашағымызға деген зор сенім мен елімізге деген шексіз сүйіспеншілік орнатуда білім ордаларының маңызы үлкен, жауапкершілігі жоғары екенін біздер ұстаздар қауымы сезініп отырмыз.

21 ғасырдағы дамыған ел дегеніміз: белсенді, білімді және  денсаулығы мықты азаматтар екені даусыз. Ол үшін бірегей білім беру жүйесі мен денсаулық саласының жұмысын жақсарту қажет.  Осы орайда замануи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну аса қажет екеніне көз жеткізген Елбасымыздың жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек деген ойы, біріншіден, біздерге, Зияткерлік мектептерге, сондай-ақ біздердің жеткен жетістіктерімізге деген зор сенім, екіншіден, үлкен  талап екенін түсініп отырмыз. Себебі біздерде Зияткерлік мектептерде жинақталған озық ойлар мен тәжірибені еліміздің мектептеріне тарату жүгі тұр.

«Елбасы жыл сайынғы жолдауын негізінен жастарға арнайды. Себебін осы жолғы жолдауда «Оны («Қазақстан – 2050» стратегиясын) жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер» деп түсіндіріп кеткен болатын.   Жастар арасындағы патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден-бір жолы – мемлекеттік тіл екені белгілі. Жолдауда «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! » деген Президент сөзі көңілімізге қуаныш ұялатты. Қазақстанның болашағын тәрбиелеп отырған біз, ұстаздар, Елбасының айтқандарын назарға ала отырып, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде барлық қажетті жағдайлар жасалып отыр.

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», – деп қорытындылады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  Біз осыған кәміл сенеміз және де еліміздің  өсіп-өркендеуіне бар күш жігерімізді саламыз.

 

 

Тарих пәнінің мұғалімі

Амангелді Сатиев

 


 

Елбасының биылғы халыққа Жолдауы экономикалық бағыттың тағы да алынбаған белестері мен өсуін айқындап, ұлттық экономикаға немқұрайлы емес жандарды ширақ, әрі батыл қадамдар жасауға шақырды.  Соның ішінде,  индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салаларына ерекше көңіл бөлу қажет.

Әлеуметтік салаға Елбасы әр жылғы Жолдауында айрықша көңіл бөледі. Білімгерлердің шәкіртақысы, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, зейнетақының жылдан-жылға көбеюі өте қуантарлық жағдай. 

Ең маңыздысы, еліміздің патриоттық рухын көтеретін, үлкен ауқымды мақсаттарға жетелеп жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бір серпін күш беретіні сөзсіз.

Экономика пәнінің оқытушысы

Мукушева Алма Мерекеновна 

 

 

Жүрегімізге ерекше жол таба білген – Елбасы Жолдауы

 

Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресінде мәңгі енетін күн. Жылдың аяқталуына екі апта қалғанда Елбасы халыққа кезекті Жолдауын арнаған болатын.

Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма бір жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.

Ұлт көшбасышысы осыдан 16 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғанын айтты. Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз – жөнді құбылыс.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер»,-деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, «Балапан», Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Мен тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу – абыройлы іс деп білемін. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес.

Еліміз тәуелсіз екен, тіліміз де тәуелсіз болуға тиіс. Тіліміз азаттық алмай, өзінің тұғырына қонбай, біз қалайша Тәуелсіздіктің рухын сезіне аламыз. Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілінің де стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Бір қуантқаны, 12 жылдан соң латын әліпбиіне көшеміз.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Пэрезиденті:

– Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады. Ұлттық мүдеге қызмет істеу үшін өзгені емес, өзін қамшылауы тиіс емес пе? Тағы да қайталап айтамын, қазақ пен қазақ қазақша сөйлеуі тиіс.
Қысқасы, алдағы 38 жылға арналған бұл құжат – Отанымызды кемел болашаққа апаратын, қиын жолымызда бағыт-бағдар сілтейтін жол серігі.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жастар да зор ынта-ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек.

Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ғана қолынан келетін іс екені белгілі. Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай рет зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын.

Тәуелсіздіктің тап бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы баянды да бақытты ғұмырымыз ұзағынан болғай. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болмақ…

Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.

Қазақстан көркейе берсін!

Әйгерім Әйтім,
12 «В» сынып оқушысы,
шаңырақ «Алтын Емел»

 


 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.

 

Елбасы бұл жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге әруақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар.

Елбасы өз жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын қояды. Ол үшін инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігін баса айтады.

Елбасының бұл кемеңгер ойын барлық қазақстандықтар түсініп, қолдайды деген ойдамын. Өйткені стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен ықпалдасу біздің еліміздің экономикалық дамуына зор ықпалын тигізеді. Бұл қадам арқылы қазақстандықтар жаңалықты меңгереді, шыңдалады, тәжірибе жинақтайды, бір сөзбен айтқанда, еліміздің басқа шет елдермен бәсекеге қабілеттілігін арттырып, терезесін теңестіреді.

Қазіргі уақытта еліміздің кейбір ғалымдары өз жобаларының аясына бірен-саран шетелдік ғалымдарды тартып, бірлесе жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. Алайда бұндай қадамдар баяу түрде іске асып, саны жағынан да саусақпен санарлықтай ғана.
Елбасының келешек ұрпағымыздың өсіп-өнуі үшін жасап жатқан парасатты қадамдары өте мол. Еліміздің балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына арналған стратегиялық білім беру бағдарламалары жастардың білім мен ғылым жолында жан-жақты дамуларына, жаңа өзгерістерге төтеп бере алатын, заманауи техниканы меңгерген, өз ісінің шеберлері ретінде қалыптасуларына мүмкіндіктер беріп жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығы жайлы саясаты біздің еліміздің болашағы үшін маңызды деп есептеймін. Елбасы елдегі көп ұлттың қамын ойлай отыра, тіл саясатына аса жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе, қазақ тілін жаңғырту үшін әліпбиімізді латынға көшіру қадамын – зиялы қазақ халқы аса қуанышпен қолдайтынына сенімдімін.

Мемлекет тарапынан қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жасалып жатқан ізгі іс-шаралар мемлекеттік тілдің тұғырын нығайта түсіп, қазақ тілінің, шын мәнінде, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуіне жол ашады деген Елбасының болжамы Қазақ Мемлекетінің құрылуына әкеледі.

Қазақ мемлекетінде өмір сүру, еңбек ету өз Отанын сүйетін әрбір азаматтың, әсіресе, жаңа буын қазақстандықтардың арманы шығар деп ойлаймын.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Ғылым және коммерцияландыру орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы Омарова София Қажыақпарқызы, Айгерим Омарованың анасы («Алтын Емел» шаңырағы)

 


   

               Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын шын ықыласпен қабылдады. Елбасының дәстүрлі Жолдауы барлық әдістемелік бірлестіктер отырысында қызу талқыланды. Мектеп ұжымының отырысында мектеп директоры Нұрпейісов Сағат Елубайұлы Жолдаудың негізгі ерекшелігі мен ең маңызды мәселелері туралы өз пікірін білдірді.Талқылау барысында әріптестер өз ойларымен бөлісті.

 

Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын жолдау деп айтуға әбден болады. Елбасымыздың биылғы Жолдауының ерекшелігі – стратегиялық даму жолымыз 2050 жылға дейін анықталды. Біздің басты мақсатымыз делінген Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар», – деді Қазақстан Республикасының Президенті. Бүгіннің биігінен қарап, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді сараласақ, Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген негізгіміндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Ең бастысы егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинадық, әл-әуқатымыз жақсарды. Әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдық, халықтар достығы мен саяси тұрақтылығы берік ел атандық. Ендігі жол – өсу жолы, алдымызға айқын мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қарау, экономикасы дамыған, жаһандану кезеңінде кез-келген қауіп-қатерге төтеп бере алатын, алапауыт мемлекеттердің қатарына ену.

 

Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасызету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту. Елбасы ұсынғанелімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт, білімсаласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол – жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай  пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген. Осыдан барып жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде  өзінжақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да  тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс.

 

Бағдарламада Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі –  елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз», – деп Президент ел бірлігінің басты белгісі – қазақ тілі екенін баса атап өтті.

 

Елбасы сөз соңында: «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары ерік-жігер мен еңбек сүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойғасіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқыұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», – деп  келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.

 

Елбасының еліміздің алдында қойған ұлы міндеттер орындалары сөзсіз, біз Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз.

 

                          

Гульназия Бектасова ,

Көкшетау қаласындағы физика- математика

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

тарих пәні мұғалімі

 

 


 

 

Елбасының биылғы Жолдауының мәні де,  мазмұны да ерекше.  Онда «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты елімізді дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын ұсынды.   Ұзақ мерзімді жоспарда  «2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамынқұру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп біздің басты мақсаттарымызды белгілеп берді. Сонымен қатар,  жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттер қойылды.

Бізді айрықша қуантқаны – мемлекеттің  саяси, экономикалық, мәдени дамуының жолдарын белгілей отырып, Жолдауда ұлттың рухани жаңғыруына баса көңіл бөлінгені. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз болашаққа көзтігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық»  деп тағы бір мақсатты айқындап, сол мақсатқа жетуде қазақ халқының рөлін көрсетіп, алдағы уақытта  біздің мемлекет   жаңа қазақстандық патриотизмге негізделгенқазақ тілді мемлекет болатынын айтып өтті.   

Ал мазмұнына тоқтайтын болсақ, Жолдау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 1997 жылы   «Қазақстан 2030» бағдарламасы  қабылдағаннан бастапосы 15 жылдың ішінде бағдарламаның іске асырылуына қорытынды жасап,  еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды: Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы, елімізде азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің орнығуы,  нарықтық экономиканың қалыптасуы,  әлеуметтік қоғамның негіздерін қаладық. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын теуіп, әлемдік қауымдастық таныған елге айналғанымызды баяндап, … «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп  Н.Ә.Назарбаев ойын түйді.

Жолдаудың «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» депаталатын ІІ бөлімінде қазіргі жаһандану үрдісінен туындаған проблемалар сипатталған. Осыған орай келешекке бағыт алып, әрі қарай дамуымызды жоспралағанда  осы проблемалар міндеттітүрде ескерілуі тиіс.

Ойын қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бізшешуге тиісті міндеттер  сапалық тұрғыдан өзгергенін,  уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасына түзетулерді енгізілуі қажет екенін   айтып өтті.

«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламасын данегізделген.  Жаңа бағдарлама Жолдаудың үшінші бөлімінде орын алды.

Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып,  ұдайы білім беру саласын қолдап отырады.  Ендігі мақсат – Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған  міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенемін.

 

Зәуре Қалиева,

Көкшетау қаласындағы физика-математика

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

тарих пәні мұғалімі

 


 

Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына
8 «В» сынып оқушыларының пікірлері

      Ашкентаева Мөлдір

 

       – Менің ойымша, осы жолдаудың маңызы өте зор. «Қазақстан-2030» стратегиясы ерте біткені біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауында елге деген басты мәселелерді көтерді. Әсіресе елдің экономикасын, жағдайын қарастырып отыр. Себебі экономикамыз нашар болса, адамдар мен қоршаған ортамыз құрып кетеді.
Жолдауда ең басты мәселе еліміздің туған тілі айтылды. Бізде “тіл – тіршілік тірегі” деген ұлағатты сөз бар. Біздің тіл еліміздің біріктірушісі болу керек деп ойлаймын. Жолдауда “қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі қажет” деп айтылып кетті. Қазір адамдар қазақ адамымен орыс тілінде сөйлейді немесе қазақша сөйлеп тұрып, орыс сөздерін қосады. Ол біздің тілге деген немқұрайлы көз қарасымызды көрсетеді.
Осы құжатта Елбасымыз жастарға, болашақ ұрпақтарға назар аударады. Себебі, біз, елдің жастары – еліміздің болашағымыз! Нұрсұлтан Назарбаев біз үшін «Болашақ» бағдарламасын, Зияткерлік мектептер мен Университетті ашып жатыр. Бұның бәрі біз үшін. Елбасы да, ата – аналарымыз да біздерден үлкен үміт күтеді. Біз солардың үмітін ақтауымыз керек деп ойлаймын. Сол үшін де біздің Президентке деген үлкен алғысымыз болуы керек.

Бөрібаев Темірлан

– Елбасымыз осы жолдауында Қазақстанның барлық жетістіктерімізді айтып шықты. Соның ішінде біздің мақтанышымыз: “Expo – 2017”. Бұны 100-ден астам мемлекеттердің ішінен құрметке ие болдық. Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсарып, білім беру саласының дамуын қарастырды. Жетістіктерге жеттік деп елбасымыздың айтқандай біз бұған қанағат етпеуміз керек. Алға тағы да мақсаттар қойып, оған жетуміз керек. Соның бастысы 50 дең дамыған мемлекеттерге ену. Қазір біз 51-орындамыз. Менің ойымша, осындай Елбасымызбен біз 50 емес 10 дамыған мемлекеттер арасына айналдырған 10 жылда кіреміз деген ойдамын.

   Бақтыбаева Айғаным

 

       – Мен біздің Президентімізбен толық келісемін және де оның шешімін толық құптаймын. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің еліміздің Елбасы, халықты уайымдайтын, қорғайтын адам, тағы ол туралы айтуға сөзім жетпейді. EXPO-2017 халықаралық көрмесінде жеңгенімізге өте бақыттымыз және көрмеге еңбек еткен азаматтарға мың да бір алғыс айтамыз. Біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз және онымен мақтан тұтамыз. Қазақ жұртының саны көбейе бара жатыр және алдағы уақытта одан да көп болатынына сенеміз. Біз өзіміздің болашағына және Президентімізге шексіз сенеміз!

Құсаинова Айғаным

– Менің ойымша, Президенттің жолдауы жақсы болды. Көптеген жеңістерге жеткенімізге өте қуаныштымын!

       Мереке Әділхан

– Осы Жолдауда Елбасымыз Қазақстанның бүкіл жетістіктерін айтты. Біз жас мемлекетпіз. 20 жылдың ішінде Қазақстан мықты мемлекеттердің құрамына кіріп, дами береді. Лондонда өткен олимпиадада 200-ден астам ел қатысты. Соның ішінде біз 12 орынға ие болдық. Біз «Expo- 2017» жеңдік. Осы жеңістер бізге көп пайда береді. Нұрсұлтан Назарбаев мақсаттары орындалды деп ойлаймын.

       Ескенеева Айнұр

 

       – Мен Елбасымыздың Жолдауына сенемін. Болашақта үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын, және 2017 жылы біздің еліміз көркейетіне сенімдімін.

       Жаналиев Асқар

 

      – Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған мақсаттары дұрыс, бұл идеялар біздің мемлекетімізді келешекте биік мақсаттарға жеткізеді. Мен осыған сенемін!

Жанбыршы Арна

– Алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауын Астана опера-балет театрында өткізді. Ол тарихи оқиға. Қазақстан қазіргі таңда экономикалық және әлеуметтік, индустриалдық даму саласында. Осы құжатта Қазақстанның алдыңғы жағдайы қарастырылып отыр.

Шаймергенова Карина

 

     – Менің ойымша, 14 желтоқсанда 2012 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің елімізге жаңа бағыт пен бағдармалар енгізді. Солардың ішінде ең бастысы “Қазақстан-2050”. Қазақстан халқы “Қазақстан-2030” бағдарламасын уақыттан бұрын бітіріп жаңа бағдарламаға ауысты. Бұл біздің еліміздің еңбекқорлығын және адалдығын көрсетеді. Алға, Қазақстан!!!

         Маратова Регина

– Менің ойымша, барлық халық осы Жолдауды естіп, өз өмірін жақсартуға тырысады. Өміріміз бітпеді, өміріміз әлі алда деп позитивпен жаңа күш алдық. Болашақтағы Қазақстан 30 дамыған мемлекеттеріне кіреді деп сенемін. 30 дамыған мемлекеттерге кіру үшін барлық халқымыз үлес қосу қажет.

Қабжан Шыңғыс

 

   – Қазақстанның осы дәрежеге жеткеніне мен қуаныштымын. Және «Expo- 2017» бізде өтеді: таза жаңа күн энергиясын пайдаланамыз деп үміттенемін.

Қасым Дина

 

    – Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген. Қазіргі кезде жалпы мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл мақсатқа жетуге болатынын біздің көзіміз жетті. Бұған «Қазақстан-2030» стратегиясы куә. Менің ойымша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – болашақ ұрпақтың қамы.

 

8 «В» сынып оқушылары
«Алатау» Шаңырағы
Педагог-ұйымдастырушы-куратор
Ф.Н. Мухамедьярова

 


 

 

Үкілі үміттің тірегі

           Елбасының “Қазақстан – 2050″ Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты халыққа арналған Жолдауын мен де теледидардан зор ынта-ықыласпен тыңдадым және бұқаралық ақпарат құралдарынан да оқыдым. Өзіміз жеткіншек бала тәрбиелеп отырғандықтан Елбасының болашақ жастарға үлкен аманат жүктеуі біз үшін өте маңызды.

        “Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Болашаққа деген үкілі үміттің тірегісіңдер. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін” деген сөздері жастарға рух береді, жауапкершілікті, үкімет тарапынан қолдауды сезінуіне үлкен әсер етеді.

          Мемлекет жастардың білімді болып шығуына, білікті маман болуына көп мүмкіндіктер жасауда. Осыған әлемде теңдесі жоқ Назарбаев университеті, зияткерлік мектептердің ашылуы дәлел емес пе. Осы оқу орындарында оқып білім алып жатқан балалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, инновациялық технологияларды дамытатын жеткіншіктер.

          Қазақстан – бүкіл әлемге әйгілі. Алдағы өтетін Экспо-2017 көрмесі бірлігі жарасқан елімізді одан әрі бүкіл әлемге паш етеді. Осы Жолдау қазақстандық жастардың биік белестерден көрінуіне жетелейтін жарқын жол іспеттес.

 

 

Бағлан Тасболатова, 12 сынып оқушысы
Данияр Айтқожинның анасы

 

 


 

Желтоқсан айының 14-і күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары атты қазақстандықтарға кезекті жолдауын арнады. Осы жылғы жолдау Астанадағы жаңа ғана бой көтерген зәулім опера және балет театрында алғаш өтіліп оның ашылу салтанатымен пара-пар тұстас келуі де нұр үстіне нұр болғандай. Біз Елбасы бәріміз білетіндей ең басты бірінші орынға адамға қатысты мәселені қояды. Жуырдағы кезекті Елбасының Қазақстан халқына жолдауында ең басты орынға әлеуметтік саясатқа баса көңіл бөліп, халықтың қал-ахуалын жақсартып, өмір сүру сапасын жоғарылату көзделген. Бәріміз білетіндей 1997 жылғы қазан айында қабылданған «Қазақстан 2030» стратегиясында айқын астын сызып тұрып көрсетілген барлық міндеттер мен мақсаттардың мерзімінен бұрын орындалғанын айтып, мемлекеттің алдына 2050 жылы әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жаңа мақсатын қойды. Қазіргі таңда әлемдегі дамыған 130 елдің ішінен 51 орынға жетуіміз Елбасымыздың көрегендік саясатының арқасында деп ойлаймын. Бұл мақсатқа жету үшін қазақ елінің барлық мүмкіндіктері мен жағдайы бар екендігін өз жолдауында Елбасымыз атап өтті. Ол үшін өңдеу саласын 2025 жылға қарай екі есеге, 2040 жылға қарай үш есеге арттыру қажеттігін айтты. Қазіргі таңда Қазақстанның ішкі және сыртқы әлеуметтік экономикалық тұрғысынан қарқынды дамып келе жатыр. Халықтың күн сайын әлеуметтік жағдай арта түсуде. Елімізде индустрия саласы да қарқынды дамуда. Жаңа кәсіпорындар бой көтеріп, адамдар жұмыспен қамтамасыз етілуде. Еңбек төлем ақысы мен зейнет төлем ақысы да жыл сайын көтерілуде. Халықтың демографиялық жағдайы күннен күнге арта түсуде. Елбасы Тәуелсіздік алған кезеңде еліміздегі таза қазақтың саны 6,8 млн құрап, жалпы халық санының 41% құраса, қазіргі таңда 11 млн жетіп 65%” өскен. Халықтың қал-ахуалдары жақсарып, өмір сүру жасының өскендігін айтты.

Сонымен қатар Елбасының баса назар салып айтып кеткені, әрине, халыққа көрестілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін, әлемнің жаңа соңғы технологияларын қолдануда. Өскелең жастарға берілетін білім әлемдік стандарттарға сай озық оқыту технологиясымен жабдықталған оқу орындары атап айтсақ, әр облыстағы бой көтеріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті. «Қазақстан 2050» стратегиясында 2012 жылдан бастап Елбасымыз жоғарғы оқу орындарында халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болатын инжинерлік және техникалық мамандықтарды даярлау көзделіп, жоғарғы оқу орындары жалғыз білім беру саласымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар қолданбалы және ғылыми зерттеу салаларын құрып, оны одан әрі дамыту көзделген. Осындай оқу орындарын аяқтап, үлкен мамандық иесі болған өскелең ұрпақтың еліміздің елеулі ер азаматтары болатынына кәміл сенімдімін.

Тағы бір жолдаудағы айтып кететін тарау емқазақ жазуын 2025 жылға дейін толығымен латын әріптеріне көшіруге дайындықтың басталғандығын айтып кетті. Терминологиялық, көне грек тілінен енген сөздердің аудармасын жасамай, мазмұнының сол қалпында қалып қолданылатыны қуантарлық жағдай. Елбасы қазақ тілінің мәртебесі қазақ қазақпен қазақша сөйлескенде ғана көтерілетінін атап кетті.

Бейбіт өмірі жарасымды діні мен салт дәстүрлері әртүрлі көп ұлтты мемлекетіміздің бір шаңырақ аясында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы халқымыз бір болып еліміздің жан-жақты дамуына ауқымды серпіліс жасап, жолдаудағы көрсетілген мақсаттарға жететінімізге сенім артады. Қазіргі таңда қазақ елін әлем мемлекеттері танып отыр. Соның бірі Ұлыбритания еліндегі болған олимпиядадағы еліміздің спортшыларының көрсеткен жетістіктері мен Халықаралық «ЕХРО -2017» көрмесінің Астанада өткізілуінің жоспарлануы. Бұл үлкен көрме жобасының өтілуі мемлекет экономикасының бір үлкен серпіліс жасауына себеп болады. Бұл ғылым мен жаңа технологияның дамуына жаңа серпін беретін Қазақстан үшін ірі жоба болып табылады.

Ынтымақ, достықты ұран етіп, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізді. Мемелекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы оңтайлы саясат пен бірліктің арқасы. Ендеше еліміздің Тәуелсіздік тұғыры берік болып, Еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей.

 

Педагог-ұйымдастырушы-куратор:
Молдахметов Досан Серикбаевич