Кафедра мәліметі

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері  туралы ақпарат

2020 – 2021 оқу жылында әдістемелік бірлестікте 10 мұғалім жұмыс істейді.  Кәсіби біліктілігі бойынша  4  мұғалім-сарапшы,   4 мұғалім-модератор,  2 мұғалім.

Әдістемелік бірлестік жұмысының  басымдылық бағыты:  оқушылардың танымдық  дағдыларын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге,  сыни ойлап,  зерттеуге дағдыландыру, оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту  арқылы тілдік нормаларды сақтап, еркін сөйлеуге үйрету және сауатты жазуды қалыптастыру.

Міндеттері:

  • тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін, тіл нормаларын сақтап, қолдана білетін, еркін сөйлеп,  сауатты жаза алатын  дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту;
  • оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп шығармашылықпен жұмыс істеуге және сыни тұрғыдан  креативті ойлауға үйрету;
  • оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамыту.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері үздіксіз кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Мұғалімдер – «Action Research», «Lesson Study» жобаларының белсенді қатысушылары және модераторлары.  Зерттеу нәтижелері түрлі басылымдарда жарық көреді. 

Биылғы оқу жылында әр мұғалім өзінің кәсіби даму жоспарын құрып, әдістемелік бірлестікте әр айдың екінші бейсенбісінде коучингтер өткізуді  жоспарлады.

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ мұғалімдері өз тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп қана қоймай,  тәжірибесімен бөлісуді де жолға қойған. 2020 – 2021 оқу жылында мұғалімдер «Quizlet.com, Wordwall.net платформалары арқылы сабақты жоспарлау ерекшеліктері» (Бейсенова Р.Ж.), «Қашықтан оқыту жағдайында бағалау үдерісін ұйымдастырудың тиімді құралдары» (Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.), «Қашықтан оқуда Google jamboard   тақтасын  сабақта қолдану ерекшеліктері» (Нурпеисова Ш.Т.), «Қашықтықтан оқыту үрдісінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» (Мухамбедьярова М.С., Токеев Е.Е.), «Мәтінмен жұмыс барысында Padlet, Forms платформаларын қолдану» (Рахимова Д.Ш., Едрисов Е.К.) тақырыбында вебинарлар топтамасынан тұратын жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар өткізді. Сонымен мұғалімдер «Ауыл мектебі» жобасы аясында Бұланды ауданы Макинск қаласының мектебі мұғалімдерімен өз тәжірибесін бөлісуде. Бұл жоба аясында «Қашықтан оқуда мұғалім мен оқушының әрекетін ұйымдастыру» (Нурпеисова Ш.Т.), «Қазақ тілі сабақтарында жиынтық бағалауды ұйымдастыру түрлері» (Нурушева А.Н.), «Қазақ тілі сабақтарында жанрларды қолдану ерекшеліктері» (Нурушева А.Н.), «Қазақ тілі сабақтарында Т2 оқылым тапсырмаларын құру ерекшеліктері» (Рахимова Д.Ш.  Бейсенова Р.Ж.), “Сабақтағы сұрақ қою техникасы” (Мухамбедьярова М.С.) өткізілу жоспарланған.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері НЗМ жобаларына белсене қатысады. «Онлайн мектеп» жобасына Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А., Токеев Е.Е., Едрисов Е.К., Бейсенова Р.Ж., Нурпеисова Ш.Т. қатысты. НЗМ мен жалпы білім беретін мектептерге арналған жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға Темирова Ж.А. тартылған.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

2020-2021 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 13 мұғалім бар. Оның біреуі сарапшы-мұғалім, 6-модератор-мұғалім, 6-мұғалім. Бастауыш сынып мұғалімдерімен қазақ тілі, орыс тілі (екінші тіл ретінде), ағылшын тілі, информатика, өнер, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері тығыз жұмыс жасайды.    

Әдістемелік бірлестіктің мақсаты: білім беру процесінің тиімділігі мен нәтижелігіне қол жеткізу шарты ретінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру.
    Бұл мақсатты жүзеге асыру мыналар арқылы орындалады:

  • Бастауыш сыныптағы тілдік бойлау әдісінің жүзеге асуын қоса алғандағы NIS-программ білім бағдарламасы ; оқытудың сапасын арттыру, белсенді оқыту, саралау, қалыптастырушы бағалау стратегиясы сияқты заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану мақсатында мұғалімдермен әдістемелік жұмыс жүйесін (оқыту семинарлары, тренингтер, Lesson Research and Practice зерттеу) ұйымдастыру;
  • өз қызметіне рефлексия жасау, өзіндік сараптама жасай білу қабілеттерін дамыту;
  • бастауыш мектептің тәжірибесін тарату. Бастауыш мектепте Lesson Research және Practice зерттеу циклы ынтымақтастық және мектеп мәдениетін дамыту арқылы оқыту практикасын жетілдіру мақсатында өткізіледі.Бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқытудың стратегиялары мен жаңа тәсілдерін енгізу үшін мұғалімдердің командалық жұмысы және бірлескен тренингтері ұйымдастырылды, оқушылардың білім беру және тәрбие процесіне қатысуын күшейту үшін шеберлік сыныптары, тренингтер, мұғалімдердің тәжірибесін жалпылау өткізіледі.Ай сайынғы бастауыш сынып мұғалімдері дифференциалдау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану, оқыту арқылы оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға бағытталған коучинг сабақтарына қатысады. Оқу жылы ішінде бағалау құралдарын жасаушылар ПӨО-тегі критериалды бағалау бойынша семинар-тренингтерге қатысады, оқу бағдарламаларын әзірлеу және бейімдеу бойынша шығармашылық топ мүшелері ОБО-да оқытылады.

 Бастауыш мектеп бағдарламасына мына пәндер кіреді: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ тілі» (екінші), «Орыс тілі» (екінші), «Ағылшын тілі», «Математика», «Ғылымға кіріспе (жаратылыстану)», «Әлемді тану», «Өнер», «Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану», «Информатика». Бұл пәндер бірігіп, үштілді білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқыту ортасын құрайды. Оқушылардың дағдылары спираль түрінде дамиды: қарапайымнан күрделіге, оқу процесінде тереңдей және кеңейе түседі. Оқу пәндерінің мазмұны патриотизмді, рухани-адамгершілік құндылықтарды, сыныптастарымен, ата-аналарымен, мұғалімдерімен қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді. Электвиті курстарды өткізу формасы мен тақырыптары оқушылардың түрлі бағыттарда дамуына, өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, креативті ойлау қабілеттерін, зерттеу дағдыларын кеңейтуге және тереңдетуге, жобалық қызметпен айналысуға мүмкіндік береді. Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің тәжірибелерімен бөлісуі шеберлік сағаттарын, коучингтер, онлайн семинарлар, вебинарлар, ашық сабақтар өткізу арқылы, материалдарды smk.nis.edu.kz, cep-forum.nis.edu.kz сайттарына жүктеу және әдістемелік құралдарды республикалық журналдар мен газеттерге жариялау арқылы жүзеге асады.

Ағылшын тілі пәне және жаhандық даму мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

 Ағылшын тілі пәне және жаhандық даму мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 27 мұғалім бар. Олардың ішінде 1-стажер-мұғалім, 9 мұғалім, 9 модератор-мұғалім, 8 сарапшы-мұғалім. 18 мұғалім магистр деңгейіне ие. 1 мұғалім, Диана Аубакирова,  «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Екі жылдан бері, әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен бірге, жоғары сыныптарда халықаралық оқытушы Wilhelm Laufs жұмыс істеп келеді.

Мұғалімдердің кәсіби біліктіліктері курстарда, семинарларда, тәжірибелік және оқыту тренингтерінде, шеберлік сағаттарында дамиды. 3 мұғалімнің  

TEFL/TESOL (online) сертификаты бар, 1 мұғалім Teaching IELTS сертификатын, 1 мұғалім CLIL сертификатын,  4 мұғалім ТКТ сертификатын, 3 мұғалім халықаралық  CELTA сертификатын, 1 мұғалім DELTA Module 2 сертификатын алған.

Ағылшын тілі және жаhандық перспективалар пәндерін оқу барысында оқушылардың зерттеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мұғалімдер түрлі С целью развития у учащихся творческих способностей, исследовательских навыков при изучении предметов английский язык и ГППР, учителями проводятся различные элективті курстар мен үфірмелер өткізеді:

  • Merry English (3 сынып)
  • English for Use (4 және 5 сыныптар)
  • Reading for Learning (6 сынып)
  • IELTS Foundation (9 сынып)
  • IELTS Preparation (11 сынып)
  • Critical Thinking (12 сынып)
  • MUN (8-12 сыныптар)
  • Global Scholars (7 сынып)

Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесі мектепішілік, қалалық, желілік және республикалық деңгейде жүйелі түрде таратылады. Мұғалімдер шеберлік сағаттарын, коучингтер, вебинарлар, ашық сабақтар өткізіп тұрады, сондай-ақ, мақалалардың, әдістемелік құралдардың, оқу бағдарламалары мен сабақтардың авторлары болып табылады.

Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

Математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 19 мұғалім бар, олардың   7 мұғалім, 5 модератор-мұғалім, 7 сарапшы-мұғалім. Сарапшы-мұғалім Егоркина Н.В. «Математика 7 сынып» және «Математика 8 сынып» ОӘҚ авторы.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері кәсіби деңгейлерінің жоғарылауы жолында аянбай еңбек етеді, курстарға, семинарларға, практикалық және оқыту тренингтеріне, шеберлік сағаттарына қатысады. 4 мұғалімнің «Магистр» академиялық деңгейі бар, 1 мұғалім «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2 мұғалім «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде» доктарантураны меңгеруде.

 «CTY дарындылықты дамыту» бағдарламасы, педагогтардың кәсіби дамуын қолдау,  PISA зерттеу,  CLIL әдісін сабақта қолдану бойынша тренерлер бар. Барлық мұғалімдер деңгейлік курстардан, Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған оқушылардың шығармашыл ойлау, математикалық және оқу сауаттылығын дамыту курсынан өтті. Сонымен қатар, кәсіби шеберліктерін жоғарылату, кәсіби диалогты дамыту және оқу үрдісін жақсарту мақсатында әдістемелік бірлестік мұғалімдері Lesson Study және Action Research шеңберінде зерттеу жүргізеді.

Педагогтар шеберлік сағаттарын, коучингтер, вебинарлар, ашық сабақтар өткізіп, материалдарды smk.nis.edu.kz және cep-forum.nis.edu.kz сайттарына жүктеу арқылы өздерінің тәжірибелерімен бөліседі.

              Эстетика әдістеме бірлестігінің білім беру қызметі туралы ақпарат

  2020-2021 оқу жылында эстетика әдістеме бірлестігінің құрамында 9 мұғалім жұмыс атқарады. Оның ішінде 5-өнер, 3- музыка және 1-өзін-өзі тану мұғалімі бар. Педагогикалық шеберлік деңгейі бойынша:

Мұғалім-эксперт – 1;

Мұғалім-модератор – 2;

Мұғалім – 6.

   2-12 сыныптарда пән  бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы мен критериалды бағалау қолданылады;

   «Өнер», «музыка» пәндері бастауыш және орта буын сыныптарында жүргізіледі. 2-7 сыныптар аралығында аптасына 2 сағат. 1-сағат «өнер» және 1-сағат «музыка» пәні жүргізіледі.

   6-10 сыныптар аралығында «өзін-өзі» тану пәні аптасына 1-сағат жүргізіледі.

   8-10 сыныптар аралығында «өнер» пәні аптасына 2-сағат жүргізіледі.

   11-12 сынып оқушылары таңдау бойынша «Графика және жобалау» пәні бойынша білім алады. Аталмыш пәнге аптасына 3-сағат бөлінген.

   Сонымен қатар мектепте сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылған.

Мектебімізде келесі үйірмелер жұмыс атқарады:

«Шебер қылқалам»-2 сынып оқушылары;

«Бояулар әлемі»-3сынып оқушылары;

«Палитра» – 4сынып оқушылары;

«Алтын ине»-5сынып оқушылары;

«Ұландар хоры» 2-6 сынып ұлдары;

«Бал-балық» 2-5 сынып оқушылары;

«Жетіген үйірмесі» 6-10 сынып оқушылары;

Вокально-хоровая группа «Брависсимо» 7-12 сыныптар оқушылары қатысады.

 Аталмыш пән мұғалімдері жыл бойы үйірмелерден тыс  жеке оқушылармен жұмыстар атқарады. Мысалы:

– оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмысы;

– пән бойынша тәрбие жұмысы;

– қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде оқушыларды түрлі сайыстарға дайындап, жүлделі орындарға ие болдық;

– оқушыларды мектепішілік, қалалық және облыстық  концерттерге дайындап, сахынаға шығару жұмыстары атқарылады.

    Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі әрдайым курстарда, семинарларда, практикалық және оқыту тренингтері мен мастер-класстарда оқыту арқылы артылып отырады.

    Әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері тәжірибені тарату мақсатында жүйелі түрде жалпы білім беретін және пилоттық мектептердің мұғалімдері үшін онлайн – сабақтар, онлайн – семинарлар, шеберлік сыныптарын өткізіп отырады.

Физика  әдістемелік  бірлестігінің  жұмысы  туралы мәлімет

 

2016-2017  оқу жылында физика  әдістемелік  бірлестігінде  13мұғалім жұмыс  атқарады, олардың ішінде:

мұғалім- эксперт   – 8

мұғалім- модератор  – 1

мұғалім  педагогикалық шеберлік  деңгейімен  – 3, және бір шетелдік  физика  мұғалімі.

ӘБ құрамында екі  мұғалім  магистр  академикалық  дәрежеге  ие. Физика пәнінің  мұғалімі  Оңғарбай  Жанғозы  2014-2015  оқу  жылы  «Болашақ» бағдарламасы  бойынша  Ұлыбританиядағы University of Sussex «Педагогикалық диагностика, білім  сапасын басқару және  бағалау, білім саласындағы көшбасшылық. Т99» мамандығы  бойынша білім  алды.

ӘБ  құрамында пән  бойынша  тәжірибелік, демонстрациялық және  зерттеу  жұмыстарын өткізуге  арналған  құралдармен  жабдықталған  екі  кеңейтілген зертхана  мен  бес физика  кабинетіне  қызмет  көрсететін 5  зертханашы  бар.

11-ші сыныптарда физика сабақтары  кіріктірілген оқу  бағдарламасы  бойынша ағылшын  тілінде  жүргізіледі. Және мектепте келесі элективті курстар  жүргізіледі: Қазақ тілінде  оқитын  8 сыныптарда  нанотехнология бойынша, орыс  тілінде  оқитын 8  сыныптарда  «Ойлау дизайны».

2016-2017 оқу жылына бірлестік жұмысының басым бағыты: «Сабақ кезінде зерттеушілік  дағдыларды қалыптастыруда  оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамыту».

Мақсаты:

Оқыту әдістерін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді қолдану арқылы білім  беру  процессінің тиімділігін арттыру, жаңартылған білім алу үдерісіне ауысу жағдайында мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігін  және кәсіби  деңгейін үздікдсіз арттыру,  оқушылардың  білім  алу сапасын бағалаудың  жаңа  механизмін  енгізу.

Міндеттер:

  • Мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруде әдістемелік деңгейін жетілдіру, және табысқа жетуді ынталардыруды үлгілеу;
  • Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби біліктілігін арттырудың жаңа формаларын енгізу (коучингтер, вебинарлар, бейне сабақтар және т.б.);
  • Инновациялық әрекеттерге қатысу  және  шығармашылық қабілеттерін ашу арқылы барлық білім  беру  процессіне  қатысушылардың  өзін өзі танытуына  жағдай  жасау;
  • Білім беру жетістіктерінің диагностикасы және  мониторинг жүйесін жетілдіру, мұғалімдердің әдістемелік  дайындығы мен кәсіби  біліктілік деңгейін  жетілдіру;
  • Пән мұғалімдерінің өзіндік білім алу  тақырыптарын жүйеге  келтіру;
  • Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін айқындау, жинақтау   және тарату  жұмысын  белсендіру;   
  • Ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
  • Физика пәніне оқушылардың  қызығушылығын  арттыру бойынша  жұмыс жүргізу;
  • Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, физикалық білімді тереңдету.

Тарих және география пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігі

2016-2017 оқу жылындағы тарих және география әдістемелік бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары :

  • 7-11 сыныптарда Кіріктірілген оқу бағдарламасын жүзеге асыру;
  • 7- сыныптарда критериалды бағалау моделін, 8-11 сыныптарда критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін жүзеге асыру;
  • Мұғалімдер кәсіби тәжірибесін сабақтарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жетілдіру;
  • Пән сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдысын дамытуға баса назар аудару.
  • Бірлесіп сабақ жоспарлау арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асыру және оқушылардың оқу жүктемесін азайтуға жағдай жасау.
  • Пән сабақтарында оқушылардың бойына құндылықтарды дарыту.

Тарих және география әдістемелік бірлестігінде 6 тарихшы және 4 география пәні мұғалімі жұмыс істейді, оның 3 эксперт- мұғалім, 4 модератор-мұғалім, 2 мұғалім және 1 мұғалім-тағылымдамашы бар. 8 мұғалімнің магистр дәрежесі бар. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері өзінің кәсіби даму жоспарына сай жұмыс жасауда. Кәсіби мақсаты мен қажеттіліктеріне қарай шығармашылық  топтарға бөлініп, зерттеу тақырыптарын анықтады.  Кәсіби құзыреттілігін әдістемелік бірлестік ішіндегі және мектепішілік тренингтар, коучингтар және  оқыту семинарлары арқылы шыңдауда.  «Action Research», «Lesson study» шығармашылық тобында бірлесе отырып, кәсіби даму мақсатына сай зерттеу жұмыстарын жүргізеді, тәжірибе алмасады. Мұғалімдерді зерттеу жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру мақсатында «Өз тәжірибеңізді зерттеу оқыту сапасын арттыруға қаншалықты ықпал етеді?» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Ермуханова Г.К. коучинг өткізді. Оқушыларды сыртқы бақылау емтиханына дайындау сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында «Дереккөздерін талдау арқылы оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту», «Оқушылардың әртүрлі мазмұндағы карталар және суреттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту», «Жоғарғы сыныптарда контент талдау әдістемесін пайдалану», «Әртүрлі дереккөздерді талдауда жоғары деңгей дағдыларын дамыту» тақырыптарында  бірлестікте коучингтер өткізілді. Тарих пәні мұғалімі Сатиев Амангелді Кенелұлының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін пайдалана отырып жасаған «жоғарғы сыныптарда контент талдау әдістемесін пайдалану әдістемесі» Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық байқауында  жүлделі үшінші орынды иеленді. 

Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында элективтік курстар, үйірме жұмыстары, сыныптас тыс жұмыстар жүргізіледі.  7- орыс сыныптарында Қазақстан тарихы пәнінен тарихқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Ортақ түркі тарихы» атты элективті курсы, 8- орыс сыныптарында «Өлке сырлары» атты элективтік курс, 10- сыныптарда «Тәуелсіздік және  Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы». 11- сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан» элективті курс және үйірмесі жүреді. Аталған элективті курстар мен үйірмелерде оқушылар еліміздің тарихын, дамуы жолын тереңірек білуге, зерттеуге, орыс сыныптары тіл үйренуге  мүмкіндік алады.

Химии және биология пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

Химии және биология пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 16 мұғалім бар. Оның ішінде:

  • Сарапшы – мұғалім – 3
  • Модератор –мұғалім -7
  • Мұғалім – 5
  • Стажер мұғалім -1

Әдістемелік бірлестік құрамында сабақ барысында химиялық эксперименттер жүргізу үшін қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жабдықталған, химия және биология пәндері бойынша эксперименттік, зертханалық-тәжірибелік, демонстрациялық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар мен құрылғылар бар 4 химия кабинетіне, 4 биология кабинетіне және 6 кеңейтілген зертханаға қызмет көрсететін 5 лаборант жұмыс істейді.

Кафедрадағы 5 мұғалім мен 2 лаборант академиялық магистр дәрежесіне ие. Бірнеше жылдан бері 2 халықаралық педагог жұмыс істейді. Олар: IrashneeDookhi и AbbasKhazaal.

Химия және биология әдістемелік бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары: «Инновациялық технологиялар негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту».

Әдістемелік бірлестік ұраны: «Оқыт, жаса және шабыттандыр!»

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш тілде білім беру саясатына байланысты химия және биология пәндері 11-12 сыныптарда ағылшын тілінде өтеді. Екі мұғалімнің ағылшын тілі деңгейі – IELTS 6.0, екі мұғалімде – IELTS 5.5, тағы екеуінде – IELTS 5.0

Кафедра мұғалімдері НЗМ желісіндегі түрлі жобаларға белсенді атсалысады. Химия пәні мұғалімі Сатиева С.С. НЗМ 8-сыныптағы «Химия» пәні бойынша оқыту бағдарламасының авторы. Биология пәні мұғалімі  Жакенова Ж.Ж 7-8 сыныптарға арналған биология оқулығының авторы және редакторы.  Абильмажинова Т.Т., Сатиева С.С. және Мусагулова Б.Р.– химия және биология пәндері бойынша үш тілде НЗМ және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін ҚБ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеушілер. Жалпы білім беретін мектептер үшін биология және химия бойынша «онлайн мектеп» тапсырмаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобына мына мұғалімдер кірді: Сатиева С.С., Шахметова Ж.Т., Отыншеева Л.К., Мусагулова Б.Р., Жакенова Ж.Ж., Мельникова И.Ф.

Мұғалімдердің кәсіби біліктіліктері курстарда, семинарларда, тәжірибелік және оқыту тренингтерінде, шеберлік сағаттарында дамиды.

Әдістемелік бірлестік мұғалімдері шеберлік сағаттарын, коучингтер, онлайн семинарлар, ашық сабақтар өткізу және smk.nis.edu.kz , cep-forum.nis.edu.kz. сайттарына материалдар жүктеу арқылы өз тәжірибелерімен бөліседі. Жыл сайын мұғалімдер ActionResearchи LessonStudy аясында зерттеу жүргізеді. Зерттеу нәтижелері түрлі басылымдарда жарық көреді.