«Wikipedia» клубы

2018-2019 оқу жылындағы

«WIKIPEDIA»  клубының  жұмысы

 

      «WIKIPEDIA»  клубының  мақсаты уикипедияшылардың қауымдастығын құру арқылы энциклопедияның қазақ бөліміндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыруға және мектеп  оқушыларын энциклопедияның талаптарына сәйкес мақалалар жазуға,   өңдеуге, толықтыруға дағдыландыруға  бағытталған.

      «WIKIPEDIA» клубының құрамына кіретін 7-11 сынып оқушылары қамтылды.

      21 қыркүйек күні 7-сыныптарға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қараша айында педагог-ұйымдастырушы-кураторларға сайтқа тіркелу және мақала жүктеу әдісі көрсетілді.

      8 қыркүйек күні Көкшетау қаласаындағы ІТ мектебіне арналған семинарда «Уикипедия» сұрағы қарастырылды.

      5,18 сәуір күндері Ақмола облысы және Көкшетау қаласы  бойынша негізгі мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинарда  «Wikipedia» жобасы туралы семинар-практикум өткізілді. Онда жобаның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, тіркелу жолдары көрсетілді.

      28-қараша күні Тұңғыш Елбасы күніне орай ғаламторға негізделген уикипедия энциклопедиясына мақала жүктеу мақсатында «WIKI CAMP» акциясы ұйымдастырылды.  Акцияға Шаңырақ оқушылары, тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі, биология және өнер пәнінің мұғалімдері – барлығы 42 адам қатысты. Алдын ала ӘБ  жетекшілеріне және педагог-ұйымдастырушы-кураторларға «WIKI CAMP»  ережесі таратылды. Шара барысында Сагиндыкова К.Н. акцияның мақсаты мен міндеттеріне  тоқталды.
      Қатысушылар  келесі бағыттарда мақалалар жазды:

     «Ақмола облысының киелі жерлері»-6;                                  

     «Аймақтық маңызы бар ескерткіштер»-5;

     «Тарихи-мәдени мұра»-4;

     «Қазақстанның заманауи жетістіктері»-17 (Қазақстандағы жүз жаңа есім); «Әлемдегі ғылыми жаңалықтар»-5;

     «Ғылым мен жаңа технологиялар»-5.

     «WIKIPEDIA» клубы аясында мәдени, ұлттық құндылықтар және тәуелсіздіктің 27 жылында жеткен маңызды әлеуметтік, экономикалық, мәдени, білім  салаларындағы жетістіктер тақырыбына мақалалалар жазылды. Сонымен қоса, тұлғалар-34, ұлттық құндылықтар-7, Қазақстанның флорасы мен фаунасы – 11 т.б. тақырыптарда мақалалар жазылды.

     Оқу жылының қорытындысы бойынша 7Д сынып оқушысы Дәулет Жарасар «Үздік уикипедияшы» атағына ие болды.

     Жалпы оқу жылы барысында – 212 мақала сайтқа жүктелді.

Педагог-ұйымдастырушы-куратор

Сагиндыкова К.Н.

«Қазақша  Wikipedia» жобасы 2011 жылдың маусым айынан бастау алды. 2013 жылдың сәуіріне дейін жарияланған мақалалардың артқаны байқалып, саны 200 мыңнан астам екенін көруге болады. Қазақша Уикипедиядағы бет көріністерінің саны ай сайын сегіз миллион есеге дейін жетеді. Мақалаларды жазу мен редакциялаумен айналысатын белсенді пайдаланушылардың саны оннан 500 адамға дейін өсті. Осыған орай, Уикипедия тілдерінің рейтингісінде қазақ тілі 125-ден 33-ке дейін көтеріліп, 200-ден астам немесе одан да көп мақалалары бар қырық «жетілген» Уикипедияның біріне айналды. WikiBilim қоры мектепішілік «Wiki» және «TED» клубтарын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қордың көмегімен «ҚазақшаУикипедиа»,  «Қазақстанның ашық кітапханасы», «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі», «Қазақ әдебиетінің аудио хрестоматиясы» сынды жобалар әзірленіп, «Бөлісуге тұрарлық идеялары» ұранымен тираждалған TED конференциясының дәрістері әзірленді.

 Зияткерлік мектеп оқушылары мақалаларды құруға және редакциялауға, «вики» технологияларын, оларды өзін-өзі оқытуда және сыныпта қолдану мүмкіндіктерін талқылауға белсене қатысады. Оқушылардың беттерін көру үшін мына сілтеме арқылы өтуіңіз керек: kk.wikipedia.org/wiki/Zhoba: НЗМ. Осыдан кейін мектепті таңдау керек, мысалы: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, одан кейін курстың қатысушылары: Қатысушылар. Қатысушылар тізіміне кіргенде, сіз әр бетті қарап, көптеген тақырыптар бойынша біздің оқушылардың жазған көптеген қызықты ақпараттарымен таныса аласыз: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, қазақтың ұлттық киімдері, «Бұкпа» шоқысы, Ағынтай батыр, Қараш- Кемал Ақышев, Дориан Грейдің портреті және көптеген басқа мақалалар.

  Оқушылар  мектеп кітапханашыларынан, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен әдістемелік көмек алады.


Клуб жұмысы

2017-2018 оқу жылында «WIKIPEDIA»  клубына 7-11 сынып оқушылары қатысады. Қазан  айында басқа клубтар мен үйірмелермен қосылып, арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, клуб мүшелері анықталды. 12 сынып оқушылары Елубай Айдана және Даирова Марал    WIKIPEDIA сайтына қалай тіркеліп, мақалалардың өңдеуге болатыны жайлы түсінік берді. Жарты жылдық барысында келесі мақалалар WIKIPEDIA с айтына жүктелді:

“Ұстаз-ұлағатты есім”, “Тәуелсіз  мемлекеттер достастығы”, “Жануарлар туралы қызықты деректер, Қазақстандағы жүз есім.

Тұңғыш елбасы күні аясында  «WIKI CAMP»  акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның ең басты артықшылығы – клуб мүшелерінен бөлек, басқа оқушылар мен мұғалімдер үшін бір уақытта мақала жазу мүмкіндігін туғызу. Акцияға әр Шаңырақтан және қазақ, орыс, ағылшын тілі және тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Мақалалар  танымдық, тарихи, әдеби бағыттарды («Тарихи-мәдени мұра», «Қазақстанның заманауи жетістіктері») қамтыды. Акция барысында ұйымдастырушы А.Нурмуканова қатысушыларға шараның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, мақала жазу талаптарына тоқталды.