100 кітап

100 кітап

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқыту мен тәрбие беру негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» атты жобаны жүзеге асырады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. Бұл жобаның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиеті мен әлем классикасының алтын қорындағы құнды шығармаларды оқытып, сол туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру. Бүгінгі таңда Білім беру бағдарламалары орталығы 100 кітап тізімін әзірледі. Аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 ағылшын, 20 орыс әдебиеті қамтылған. Алдағы уақытта осы тізім мектептерге жіберілетін болады. Жалпы, әр туынды өзінің түпнұсқа тілінде оқытылады.
Аталған жоба аясында кітаптарды оқыту арқылы Зияткерлік мектеп оқушысының бойында бірнеше дағдыларды дамытуды көздейтін әлеуметтік тәжірибелер 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап ұйымдастырылады. Оқушылар оқып шыққан кітабынан таңдалған шығармалар желісі бойынша өздері салған суреттерден электронды кітапқа иллюстрация жасап, шығармалардың аудио нұсқаларын дайындайды. Оқушылар кітап оқу барысында «Көркем әдебиетті оқу» күнделігін жүргізеді. Оқушылардың өз дауысымен шағын шығармаларды жазып, электронды және аудио кітаптарды www.iKitap.kz арқылы тегін тарату ұсынылады. Оқушылар жоба аясында «iBooks Author» бағдарламасын игеріп, электронды кітап жасап үйренеді. Жоба аясында 2013 жылдың 23 сәуірінде Халықаралық кітап және авторлар күніне орай Зияткерлік мектептерде «Кітап кейіпкерінің күні» атты іс-шараны ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Жалпы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде бой көтерген Зияткерлік мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуы үшін толық жағдай жасалуда. Зияткер тұлғаны тәрбиелеп, баланың бойында рухани, патриоттық, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды сіңіру – мектептің басты қағидаларының бірі.
100 кітап тізімі

Мектеп кітапханасының сайтынан алынған ақпарат