ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ағасұлтанов Рахат Президенттік олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

2021 жылғы 15-18 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастыруымен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында XIV Президенттік олимпиадасы өткізілді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 183 үздік оқушысы қатысты. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Ағасұлтанов Рахат Президенттік олимпиадада өз білімін жақсы көрсете біліп, қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар ол Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан унивеситетінің білім гранттарын және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқуға 70% жеңілдік ұтып алды.

Айта кетейік, Президенттік олимпиада қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Үздік олимпиадалық команда-2021» атанды.