Оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі

NIS-те «Оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі» тақырыбында Ата-аналар Университетінің тағы бір конференциясы қорытындыланды.

Шара оқушылардың шағын концерттік бағдарламасынан басталды. Отырыс барысында ата-аналар мен мұғалімдер білім алушылардың мектептегі өміріне, қауіпсіздігіне қатысты түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады.

Ата-аналар Университетінің мақсат-міндеттері төмендегідей:

  1. Ата-аналарға үздіксіз психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесін құру, уақыт талабына жауап беретін жаңа ата-ана құзыреттіліктерін қалыптастыру;
  2. Қазақстандық отбасының дәстүрлі қағидаттары мен өмір салтын жаңғырту, ерлі-зайыптылық қатынастарды үйлестіру, отбасы мен қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды бекіту, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін танымал ету;
  3. Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасау, ауытқуларды түзету, тұлғаның стресске төзімділігін арттыру.

Аталған шара барысында ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Қос тарап та конференция нәтижелі өтті деген қорытындыға келді. Іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға әдеттегідей алғыс хаттар табысталды.

photo5213213961263102733photo5213213961263102732photo5213213961263102731photo5213213961263102735