Оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі – басты назарда!

Көкшетау NIS-те «Оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі» тақырыбында Ата-аналар Университетінің кезекті конференциясы өтті. Былтыр пандемияның әсерінен конференция онлайн форматта өтсе, биылғы жылы ата-аналар мен мұғалімдер көзбе-көз қауышып отыр. Шара барысында ата-аналар мен мұғалімдер білім алушылардың мектептегі өміріне қатысты түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Екатерина Склярова, Динара Абдикаримова, Құралай Еслямова, Айжан Жолдасбаева, Самал Сатиева және Динара Иксатова өз сөздерінде оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, Ата-аналар Университеті өз жұмысын 2020 жылы бастады. 2021 жылы «Оқушылардың мектепке бейімделуі» тақырыбы көтерілсе, осы жылы оқушылардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі басты назарға алынып отыр.

Педагог-ұйымдастырушы-куратор Назгүл Амерханованың айтуынша, Универсиет келесі міндеттерді көздейді:

  1. Ата-аналарға үздіксіз психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесін құру, уақыт талабына жауап беретін жаңа ата-ана құзыреттіліктерін қалыптастыру;
  2. Қазақстандық отбасының дәстүрлі қағидаттары мен өмір салтын жаңғырту, ерлі-зайыптылық қатынастарды үйлестіру, отбасы мен қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды бекіту, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін танымал ету;
  3. Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасау, ауытқуларды түзету, тұлғаның стресске төзімділігін арттыру.

Аталған шара барысында ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Қос тарап та конференция нәтижелі өтті деген қорытындыға келді. Іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға сертификаттар табысталды.

IMG_2522IMG_2520IMG_2519IMG_2518