НЗМ оқушысы New York University Abu Dhabi – ге оқуға түсті

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Амира Мұстафина Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Абу Даби университетінің оқу грантының иегері атанды.
Әлемдегі ең жоғары қабылдау талаптардың біріне ие – NYU Abu Dhabi гуманитарлық және ғылыми-зерттеу университеті болып саналады. Әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды ниет білдірушілердің тек 3% – ы ғана білім алатын зерттеу университетіне түсуге мүмкіндік алады.
Жоғары академиялық жетістіктер, көшбасшылық қасиеттер және үлкен еңбекке қабілеттілік Амираға өз жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бүкіл оқу кезеңінде Амира көптеген олимпиадаларға, конкурстар мен жобаларға, соның ішінде республикалық олимпиадалар мен хакатондарға белсене қатысты.
– Нәтижелерді жариялау күнін тағатсыздана күттім, себебі 15 желтоқсанда университеттен шешім алуым керек еді. Хатымды ашқан кезде қатты қуандым, өйткені мені университетке толық грантпен қабылдады. Бұл Мен үшін және менің отбасым үшін үлкен жетістік, көптеген жылдар бойғы жұмыс пен оқудың жемісі болды. Мен ғылым саласында, атап айтқанда биологияда жоғары білім алуды жоспарлап отырмын.