NIS оқушылары Көкшетауға келді

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларын Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS жылы қарсы алды. Оқу ордамызда 13-16 маусым аралығында «Young Explorers-2022» зерттеу курсы өтеді. Курсқа еліміздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-9 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысады.

Курс жетекшісі –  «National Geographic Society» жанындағы мұғалімдердің Консультативтік кеңесінің мүшесі Алисия Прэссел.

Бүгін қатысушыларға команда құру тренингі ұйымдастырылды, футболдан және волейболдан достық кездесу, сондай-ақ, «Бір әннің тарихы» ән кеші және би кеші өтті.

Маусымның 13-і «Young Explorers-2022» зерттеу курсының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Оқушылар «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясына, «Зияткер, алға!», «Көкшетау» ойындарына және «Старт-Азарт» спорттық эстафетасына қатысады.

Курс барысында қатысушылар Щучье – Бурабай курорттық аймағына, Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға экскурсияға шығып, түрлі мәліметтер мен деректер жинайды.

Зерттеу курсының әр күнінің жаңалығын Көкшетау NIS сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшалардан бақылай аласыз!

IMG_5879IMG_5802IMG_5826IMG_5824IMG_5625