«Мен – Қазақстандықпын»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамытуға арналған «Мен – Қазақстандықпын» облыстық эссе және әлеуметтік бейнероликтер байқауында Көкшетау қаласының NIS оқушысы Рахметулин Әдіят эссе номинациясында 1 дәрежелі Дипломға ие болды.
Аталмыш байқауға аймақтың әр қиырынан 60-тан астам жас өрен қатысқан.
– Бұл байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, ұлттық құндылықтары бар. Біздің еліміз ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрмен, берекелі жерде өмір сүрген ұрпақтардың сүйіспеншілігі мен құрметін сіңірді. Болашақ ұрпақ өз елінің тарихын, салт-дәстүрін білуі тиіс деп ойлаймын.
269964330_767768897513411_8650911442314531025_n269979191_767768904180077_8528925734777563771_n