Көкшетау NIS оқушысы «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді

Спортшыларымыз Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен футзалдан ІІІ желілік спартакиададан оралды. Дүбірлі додада ойыншыларымыз тартысты ойын көрсетті. Ал шеберлігімен көзге түскен  Дилара Бекім «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Мектебіміздің оқушылары желілік спартакиаданың үздік ойыншысын құттықтай отыра футболдан қыздар құрамасын жылы қарсы алды.

Байрақты бәсекеге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 16 құрамасы қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – NIS мектептері оқушыларының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық дамуын арттыру, ұжымдық рух пен бірлікте тәрбиелеу, салауатты бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру.

Айта кетейік, 3 күнге созылған спартакиаданың қатысушылары мен бапкерлеріне арнайы сертификаттар, естелік сыйлықтар мен фотоальбомдар табысталды.

IMG_3718IMG_3711IMG_3680IMG_3677IMG_3672