«Ең ауқымды домбыра сабағы»

Зияткерлік мектептерде биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды. Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде мың оқушы ойнады. Аталған шараны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеу жоспарланып отыр.

Көкшетау NIS те бірыңғай барлық Зияткерлік мектептерде өткен «Ең ауқымды домбыра сабағынан» қалыс қалған жоқ. Мектепте бір мезетте 50 домбырашы халық күйі «Тепең көкті» шертті. Сондай-ақ, оқушылар халық әні «Еркем-ай», Құрманғазының күйі «Балбырауын», халық күйі «Жастар биін» де зор ынтамен тартты. 

Аталған сабақ «100 күй» жобасы аясында ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениеті мен рухани-адамгершілік қасиеттерін ұлттық ән дәстүрі негізінде қалыптастыру, мәдени мұраны сақтау және нығайту, бірлік пен достық сезімін тәрбиелеу.

для СМИ (4)для СМИ (1)IMG_3207IMG_3204IMG_3205IMG_3203IMG_3206