«Қазақ өнерінің бұлбұлы»

Көкшетау қ. NIS-пен Павлодар қ. NIS бірлесе Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған желілік ән байқауын өткізді. КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың мерейтойына орайластырылған ән байқауына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-12 сынып оқушылары қатысты.

Шара халық әншісі Роза Тәжібайқызының шығармашылығы мен өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау, Зияткерлік мектептерде жүзеге асырылатын «100 ән» жобасы аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі, бейнетаспа мен локацияның әнге сәйкес болуы, әнге қосымша би сүйемелденуі сияқты талаптар бойынша бағаланды.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің «Ән айту» факультетінің меңгерушісі Шолпан Дукумбаева, Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының әртісі, ҚР мәдениет қайраткері Талжібек Атамбек, ҚР мәдениет саласының үздігі, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Р.Омаров атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің солисті Нұржан Сарқамбаев аталған ән байқауында қазылық етті.

 

Байқаудың нәтижелері:

Гран-при – Сердалы Айя, Қызылорда қ. ХББ НЗМ, «Ақ маңдайлым» әні

1-орын – Фатихани Нұрайым, Шымкент қ. ФМБ НЗМ, «Іңкәрім-ай» әні 

1-орын – Ғабиден Назерке, Орал қ. ФМБ НЗМ, «Ақтамақ» әні

2-орын – Сапар Бірханым, Абдрахманова Алина, Түркістан қ. ХББ НЗМ, «Ақ маңдайлым» әні

2-орын – Марат Алдияр, Ператинская Снежана, Көкшетау қ. ФМБ НЗМ, «Ах, Самара-городок» әні

3-орын – Ермағамбет Айару, Нұр-Сұлтан қ. IB мектебі, «Іңкәрім-ай» әні