Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!!!

 

І АУЫСЫМ (ТАҢЕРТЕҢ) ІІ АУЫСЫМ (ТҮСТЕН КЕЙІН)
*Тіркеу: 8.00 – 09.30 *Тіркеу: 13.30 – 14.30
Нұсқау:  09.40 – 10.00 Нұсқау:  14.40 – 15.00
Тестілеудің басталуы: 10.00   Тестілеудің басталуы: 15.00  

 

*Тіркеуге кешігіп келген үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді!!!

Тіркеу орталықтандырылған жүйеде Астана уақыты бойынша 09:31 мен 14:31 жабылады. Көрсетілген уақыттан соң тіркеу жүргізу мүмкіндігі жоқ.

 Өзімен бірге: фотосуреті бар рұқсат қағазы мен қара сиялы қалам (гельді емес) алып келуі керек. Сонымен қатар этикеткасы жоқ мөлдір ыдыстағы суды алуға болады.

 Тестілеу кезінде үміткерге өзімен бірге сөмке, кітаптар, ұялы телефондар, фото/видео құралдар, калькулятор, смарт-сағат және басқа гаджеттер, ақпараттық-анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай үшін қағаздар мен басқа да көмекші электрондық құралдарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тестілеу кезінде үміткерден қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.