11 сынып оқушысы ғылыми жобасына авторлық құқыққа ие болды

«Дауыспен басқарылатын автоматтандырылған функционалдық медициналық төсек» ғылыми жобасына авторлық құқыққа 11 сынып оқушысы Данара Багауова информатика мұғалімі Лаура Шегированың, өнер мұғалімі Гүлира Дүйсенованың мен IT-маманы Евгений Фомичевтің жетекшілігімен ие болды.

Зерттеудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін дауыстық басқаруда көп функциялы төсек моделін құру. Данара атап өткендей, бұл төсек дауысты тану кезінде белгілі бір командаларды орындайды, бұл пациентке басқа адамның көмегінсіз қимыл жасауға мүмкіндік береді.

– Зерттелген материалдар мен қолданыстағы кереуеттер негізінде модель дизайнының бірнеше нұсқалары жасалды. Тәжірибе бірнеше төсек функцияларымен жүргізілді, мысалы, су стақанын ұсыну, дененің күйін реттеу, мобильді құрылғыларға арналған арнайы қондырғы. Біз басқаруды қостық, 2 мотордың көмегімен адам бірнеше команданы пайдалана алады, – дейді Данара.

Данара мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, келешек жұмыстарына табыс тілейміз!

 

269691899_765237771099857_3492451071928033771_n269691706_765237777766523_4354592998356834374_n268801870_765237787766522_5783576118090330056_n